Бүгін Елбасы кітапханасының қызметкерлері елордамыздың ең жас тұрғындарына мұражай жәдігерлері  туралы қарапайым да түсінікті тілмен айтып берді. Бүлдіршіндерді қызықтыру үшін ғылыми қызметкерлер бір сәт тәрбиешімін деп есептеп, мектепке дейінгі балалардың назарын ұзақ уақыт жәдігерлерге аударта алды.

«А» әрпі. Бұл әріп елорда атауында да және ол Елбасы бастамалары мен идеяларын бір арнаға біріктіретін барлық белгілерінде де бар. Бір қарағанда күрделі көрінетін қиын тақырыптарды балалар сұрақтарға бір ауыздан жауап бере отырып, тез игеріп кетті. Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы музейі бойынша мұндай қызықты әліппе-жолбасшы Астана қаласының №72 балабақшасында бірінші рет өткізілді. Кітапхананың ғылыми қызметкері Саягүл Жақыпова өткізген  түрлі ойындар мен сөзжұмбақтарға тәрбиеленушілер белсенді қатысып, «Бәйтерек туралы аңыз» шағын фильмін тамашалады.

Кішкентай Леонид пазлдарды ең тез жинайтындардың қатарынан болып шықты. Ол бірінші болып қатырма түйіршіктерден қандай сурет шығатынын біліп қойды.

– Маған пазлдарды жинаған қатты ұнады, бізде бүкіл Қазақстан көрінісі шықты. Сонымен қатар маған Астанамыз, Президентіміз туралы айтып берген ұнады. Мен «А» әрпінен басталатын өлеңді де білемін, - деп Леонид мақтанышымен бөлісті.

– Таулардай сап құрған «А» әрпі бізге керек. Басқа әріптерді де білемін. Жаза да оқи да аламын. Бүгін маған батыр туралы, Бәйтерек жайлы фильмдер, сондай-ақ дене шынықтырған ұнады, - дейді Виолетта.

№72 балабақша меңгерушісі Инна Жданова:

– Бүгінгі сабақта біздің балалар қонақтарға соншалықты көз алмай қарап отырды, оларға қатты ұнағаны көрініп тұрды. Осындай Тұңғыш Президент кітапханасы секілді беделді ұйымдардың мектепке дейінгі мекемелерге келіп көшпелі сабақтар өткізуі керемет емес пе? Кітапхананың жаңа сабақтарын асыға күтеміз, - деп, алғысын білдірді.  

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова:

- Бала тәрбиесі, әсіресе патриоттық тәрбие бесіктен басталуы керек. Балабақшалардағы мұражай сабақтары біз үшін өте маңызды тәжірибе. Біз еліміз, Президентіміз және патриотизм сынды басты құндылықтарды кішкентай тыңдармандарымыз оңай есте сақтап қалатындай етіп, бағдарламаны әзірледік. Бұл - оттан ыстық Отанның неден басталатынын бүлдіршіндердің жадында сақталып, жастайынан бойларына тез сіңіруіне негіз болатын тақырыптар, -  екендігін, балабақша тәрбиешілеріне атап өтті.