БІЛІМГЕ АПАРАР ЖОЛ

Елбасы кітапханасы «Білімге апарар жол» акциясын өткізді: «Астана қаласы мүмкіндігі шектеулі балалар Қоғамы» ЖШҚ мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту Орталығының тәрбиеленушілеріне балалар шығармашылығына арналған жиынтықтар мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды.

Осы жылдар ішінде Елбасы кітапханасының мұражайы мүмкіндігі шектеулі балалармен мамандандырылған білім беру және педагогикалық жұмыс жүргізді. Олар үшін Кітапхана қызметкерлері тек қайырымдылық акцияларын ғана емес, сонымен қатар әр түрлі арт-терапия сабақтарын, мұражайлық мерекелер, шеберлік сыныптарын және т.б. өткізеді. Ерекше балаларды бейнелеу өнеріне, белсенді көркем шығармашылыққа мұражай кеңістігі мен арт-терапиялық әдістерді қолданып баулу оқшаулануды жеңуге, өзін-өзі бағалау мен әлеуметтік бейімделуді арттыруға көмектеседі.

- Ерекше қажеттіліктері бар балалар өздерінің қабілеттерін дамытуда және белгілі бір жетістікке жетуде ерекше күтім мен қолдауды қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шаралардың басты міндеті - оларға назар аудару, қолдау көрсету және балаларға ғана емес, ата-аналарына қуаныш сыйлау.Біз үшін Астанадағы мүмкіндігі шектеулі балалар Қоры және «Балам-ай» Қоғамдық қорымен әріптес болу өте маңызды, біз олардың атқарып жатқан үлкен жұмысына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз, - деді Елбасы кітапханасының басшысы Әмірхан Рақымжанов.

Өз қамқорындағы балалар және олардың ата-аналарының атынан «Астана қаласы мүмкіндігі шектеулі балалар қоры» ЖШҚ жетекшісінің міндетін атқарушы Оксана Омельковец ризашылығын білдірді:

- Елбасы кітапханасына ұзақжылдық ынтымақтастық, назар аударып, жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Осы жылдар ішінде өзара түсіністік пен сенімге негізделген жылы қарым-қатынас орнаттық. Бұл ынтымақтастық әрі қарай нығайып, дами түседі деп үміттенеміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз, аспанарыңыз ашық болсын!