БІЗ БІЛЕТІН ЕЛБАСЫ: ЕЛ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Жалғасы.Басы: presidentlibrary.kz

«Біз білетін Елбасы» үштомдығының таңдамалы әңгімелерін таныстыруда жобамыздың алтыншы шығарылымы мәдениет және өнер қайраткерлері жазған естеліктерді қамтиды. Бұл бөлімге Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Илья Жақанов, Сәбит Оразбаев сынды т.б. беделді азаматтардың жазбалары кірген.

– Мен Нұрекеңнің халық үшін атқарған еңбегін ерекше бағалаймын. Жалпы ел басқару ісі оңай емес, үлкен қажыр-қайрат пен жауапкершілік керек. Еліміз енді еңсе көтерген тұста ол кісіге оңай болмады. Сондай қиындықтан қайыспай халықты абыройлы биікке алып шықты. Шет елдерде Елбасымызды өте қатты сыйлайды. Ол бедел азаматқа жай келмейді, ұзақ жылдар сыйластық қарым-қатынасты орната білудің нәтижесі деп білемін. Шетел басшылары мен азаматтарының Нұрсұлтан Әбішұлын дер кезінде қол ұшын беріп, қолдау көрсетуге даяр қайраткер азамат ретінде айрықша бағалайтынына өзім талай куә болдым. Елбасы еңбегінің зейнетіне еліміз де, болашақ ұрпақтарымыз да келешекте әлі талай куә боларына кәміл сенемін, - деп ҚазКСР және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының иегері және халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлы бөліседі.Актердің өнер саласындағы әріптесі, ҚазКСР және КСРО халық әртісі, қос мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Ахметқызы былай дейді:

– Мен КСРО тарихында «Социалистік Еңбек Ері» атағынсоңғы болып иемдендім. Ең жоғары атақ беру туралықұжатқа М.С. Горбачев 1991 жылдың желтоқсанында,Одақ тарардың дәл алдында қол қойды. Шын мәнісінде,бұл медаль Н.Ә. Назарбаевқа берілуі тиіс еді. М.С. Горбачев одан: «Соңғы сәтте сіз үшін не істейін? Мүмкін, «Социалистік Еңбек Ері» атағын берермін?», – деп сұрапты. Сонда,Нұрсұлтан Әбішұлы оған: «Қазақстанда бұл атаққа мененгөрі лайықты адамдар бар!», – деп жауап берген екен.Елбасының бұл әрекеті оның пейілінің кеңдігін көрсетіп отыр. Керек жерінде хандай биіктігі өзге елдіңбасшыларының санасып, пікірлесуіне ықпал етсе, қарадайқарапайымдылығыоны халықпен етене жақын етті. Елбасының аталған-аталмаған күллі адамдық, азаматтық, қайраткерлік қасиеттерінің барлығы да сол ұлттық құндылықтарға,табиғи жаратылысына негізделген, – деп әнші Елбасыныңқасиеттеріне патриоттық рухтың шыңдалу мектебі ретінде биік баға беріп, тәрбиелік маңызын белгілейді.

 

– Елбасының өмірлік ұстанымына назар аударсақ, оның ел тағдырының шешуші кезеңдері мен сын сағаттарында әрдайым ұлттың қаймақтары – зиялы қауым өкілдерімен, қоғамда беделі жоғары, айтары бар, ықпалды тұлғалармен әрдайым ақылдасып отыруы – Отанға деген үлкен жанашырлықтың, тұлғаны тереңінен танитын өткір көзқарасының көрінісі, - дейді ол. – Тәуелсіздік тарихының бастауында ел тізгінінің осындай тегеурінді тұлғаның қолына тигеніне тәубе дейміз, «Қазақстан» атты кемені әлемдік саясат мұхитының айдынына алып шығып, бүкілдүниедегі буырқанған дауылдарға шыдас бергізіп, ол айдынға өзімізден бұрын аттанған елдермен тереземізді тең, керегеміздікең етіп берген кемеңгер басшымыз үшін мақтанамыз.Бүгінгі таңда біздің ұлттық, кәсіби, классикалық өнерімізді барша әлем таниды. Елордада әлемдегі үздіктердің қатарына енген «Астана Опера» опера және балет театрының іске қосылуы, Астана балет театрының құрылуы, «Қазақстан» орталық концерт залының халыққа қызмет көрсетуі барша қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш. Өнеріміз, әсіресе, ұлттық өнеріміз қазақты әлемге танытатын брендке айналып, кино, театр өнері жаңа кезеңге көтерілді. Сахналық туындыларымыз Еуропа мен Америка көрермендерінің көзайымына айналды. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстанның руханияттық авторлығын әлемдік өркениет толық мойындап отыр. Елбасының осындай қамқорлығының арқасында төл мәдениетіміз төрге озды, әлемдік деңгейдегі жоғары классикалық өнерге талғампаздықпен баға бере алатын өрелі көрермен, өркениетті қоғам қалыптасты.

ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қыметкері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Илья Жақанов Елбасымен алғашқы кездесуін былай деп еске алады:

– Бір топ өнер қайраткерлері – композиторлар, ақын-жазушылар, режиссерлер, киношылар, актерлер болып театр сахнасының қалтарысында тұрдық. Ақан серінің туғанына 150 жыл толуына арналған салтанатты жиынғаҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысуы тиіс еді. Көкшетауды шарлап, Ақан серінің ел ішінде әлі де болса ұмытылмаған «Ақтотының аужары», «Шырмауық», «Райхангүл», «Нәзікгүл», «Жамал», «Үштоты» секілді беймәлім әндерін тауып, концертте алғаш орындауға дайындалып тұрмыз. Жүрегім толқып барады. Кенет жүзі жарқ етіп, Нұрекең кіріп келе жатты. Ол бәрімізді аялы жанарымен шолып өтіп, ізетпен күлімсіреп, басын иді. Содан соң бәрімізбен қол алысып амандасты. Мен сахнаның сол қанатында рояльдіңқасында тұр едім. Жұрттың ең соңынан келіп, менің қолымды алды. Саусақтары салалы, жұп-жұмсақ екен. Сондай бір жанға жайлы жылылықты сездім. Нұрекең жымиып: «Жайлаукөлге барып тұрасыз ба?», - деді.«Иә, барып тұрамын, Нұреке. Биыл қобыз күйінің атасы Ықыласқа да 150 жыл. Өзіңізге мәлім, бейіті Жайлаукөлде. Ол жерде күйшінің өрен-жараны отыр. Солардың ортасында «Ықылас» атты деректі фильм түсіріп жүрміз». «Бәрекелді, Ілеке, жұмыстарыңыз сәтті болсын! Тілектеспін! Сіздің «Жайлаукөл кештері» әніңіз біздің жастық шағымыздың асқақ романтикасы болды ғой. Әндеріңізді жақсы білемін. Айтамын да. Кейбіреуін «Сол өткен күндеріміздің сырға толы сәулелі белгісі екен ғой» деп аңсайтыным бар», - деген Нұрекеңнің осы бір сөзі жүрегімдегі сезім пернесін күні-бүгінге дейін қозғайды да жүреді, - дейді ол. – Нұрекеңмен талай кездескенде жүрегіме ерекше ұялаған түсінік пайда болды. Адам қарапайымдылықтан, кішіпейілдіктен өлмейді. Нұрсұлтан Әбішұлының жай ғана пенде ретінде, азамат ретінде әйтпесе ұлы тұлға ретінде бүкіл болмысына бек жарасқан қасиеті – кішіпейілдігі, адамға деген мейірімі, ілтипаты деп айтар едім.

 

Елбасымен алғаш қалай танысқанын ҚазКСР еңбек сіңірген халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театр саласының қайраткері Сәбит Қоңырбайұлыда жазады:

– Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары (ұмытпасам, 1974 жыл ғой деймін) болатын. Араласып жүретін Шаншар Манкеев деген азамат қонақ болып, шай ішуге үйіне шақырды. Үйіне кіріп келгенімде маңдайы жарқыраған, қою қара шашты, нұрлы жүзді жігіт қарсы ұшырасты. Бұрыннан көріп-біліп жүрген адамдардай емен-жарқын амандастық. Мені таныстыру ыңғайлана бергенде: «Бұл кісіні танимын, телеарнадан «Халық қазынасын» жүргізеді. «Қымызханада» әнші жігіт Шөңгебайды ойнайды», – деп өнерден хабардар екенін аңғартты. Нұрекеңмен танысқан кезде мен аз да болса атақ-абыройға ие болып, театрдың белді әртісі бола бастағам. Айтса айтқандай, телеарнадан үзбей беріліп тұратын «Қымызхана» атты сатиралық қойылым халыққа танымал еді. Ұзақ отырдық. Өнер жайында әңгімелестік. Төле бидің толғауын орындадым. Қатаған мен Сүйінбайдың айтысынан үзінді айттым. Нұрсұлтан Әбішұлы тағылымды толғауды соншалықты мән беріп тыңдады. Нұрекеңе домбыра ұсындық, керемет даусы да бар екен. Ол кезде айтуға рұқсат етілмейтін, әлі ақталмаған Иманжүсіптің толғауын орындады. Бірнеше халық әндерін қоса шырқады. Осылайша, елжандылығын, қайсарлығын танытты. Бабалар аманатын сол кездің өзінде-ақ көкірегіне сақтап, соларды жүзеге асыруды алдына мақсат етіп қойған азамат екендігін аңғартты.«Мүмкіндік болса, Қарағандыға келіңіз», – деді маған кетерінде. Бір-бірімізге ризашылық білдіріп тарастық, - деп еске алады ол. – Елбасымен кездесіп қалсақ, әрдайым «Қалың қалай?» деп, амандығымды сұрайды. Ел басқарып отырған басшыға бас изеп, сәлемдессе де риза боласың ғой. Жоқ, ол кісі әрдайым келіп жағдайыңды біліп тұрады. Өзі достыққа өте мықты адам, бұл адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі деп есептеймін....Елбасыға тән тағы бір айрықша қасиет – өнерге деген ерекше көзқарасы. «Өнер сүйген патша – халық байлығы» деген бабаларымыз. Елбасымыз өнер саласындағы азаматтармен кездескен сәттерінде ізгі тәлімді әңгімелер айтады. Бәрі елдің қамы, жастардың болашағы, Отанның тыныштығы төңірегінде.Кездесулер кезінде Елбасы біздермен қосылып ән де шырқайды. Қандай керемет, қандай ғажап десеңізші! Қашан, қай елде мемлекет басшысының көппен бірге ән салғанын көріп едік. Еліңнің басшысы домбыра тартып, ән айтып, ән шығарып, әнге сөз жазып жатса, бұл деген халықтың бағы емес пе?