«БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» - 2020

  

2020 жылғы 12 ақпан күні Елбасы кітапханасының жобасы «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренинг өз жұмысын жалғастырады. Білім беру семинарлары ғылыми қызметкерлердің дәрістерін, қатысушылардың жобалық қызметін дамыту бойынша тренингтерді, сондай-ақ танымал қазақстандықтармен кездесулерді қамтиды. Семинарға қатысушылар арасында тек студент жастар ғана емес, сонымен қатар ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері де бар.

«Болашаққа жол өзіңнен басталады» - 2020  семинар-тренингі ертең, 12 ақпанда Назарбаев орталығының ғимаратында өтеді. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысады.  Басталуы 9.00 сағатта.