БҮГІН МЕН ӨТКЕНДІ САҚТАЙ БІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

2000 жылғы 10 қазандағы

Еуразия экономикалық қоғамдастығын (ЕурАзЭҚ) құру туралы

келісімге қол қойылғанына 10 жыл

 

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі жаңа моделінің негізінде Сократтың шәкірті және Аристотельдің ұстазы, ежелгі грек философы Платонның «Саясат – бірге өмір сүру өнері» деген терең даналығының философиясы жатыр. Қазіргі әлемнің сәтті саяси және экономикалық тұжырымдамаларының тарихи хронологиясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еуразиялық интеграция жобасы әлемдік өркениеттердің сындарлы өзара іс-қимылының жаһандық сценарийлерінің біріне айналды.

1994 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқан өз халықтарының әл-ауқаты мен гүлденуі үшін тең серіктестік гипостасисі Еуразиялық Одақ мемлекеттері арасындағы ұзақ мерзімді тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізін қалады. Жас Тәуелсіз Қазақстанның саяси жетекшісінің ауқымды ойлауы мен көрегендігі тұжырымдық тұрғыда Еуразияшылдық тұжырымдамасының тарихында жаңа парақ ашты.

Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің бағдарламалық құжаттарында және сөйлеген сөздерінде бастаманың негізгі миссиясын – посткеңестік кеңістіктегі елдер әлемнің жетекші экономикалары арасында лайықты позицияларға ие болуы мүмкін және бола алады деп атап өтті.

Ұзақ мерзімді тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін консенсус тетіктерін іздеу және кезең-кезеңмен іс-қимылдарды жасау алты жыл бойы мұқият қаралып, өңделді. Халықаралық құқықтың егеменді және тең құқықты субъектілері Беларуссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан 2000 жылы 10 қазанда Қазақстанда (Астана) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) құру туралы келісім жасағаны ерекше назар аудартады.

Мемлекетаралық ауқымды жобаның әр кезеңінде Нұрсұлтан Әбішұлы тиімді еуразиялық интеграция бойынша принципиалды жаңа бастамалар көтерді. Қағаз жүзінде емес, іс жүзінде ауқымды макроэкономикалық халықаралық жобаларды жүзеге асыру ЕурАзЭҚ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесін алуға мүмкіндік берді (2003). Отын-энергетикалық блок (2005 ж.), қауымдастық нарықтарын астықпен қамтамасыз ету (2005 ж.), азаматтар үшін өзара визасыз режим (2006 ж.) мәселелерін реттеуде елдердің стратегиялары мен тактикасы жасалды, Дағдарысқа қарсы қор, ЕурАзЭҚ Жоғары технологиялар орталығы құрылды, азық-түлік қауіпсіздігі және Еуразиялық инновациялық жүйені құру (2009 ж.) тұжырымдамалары бекітілді. Халықаралық экономикалық ұйымның саяси жетекшілерінің стратегиялық көзқарасы Кеден одағы (2010 ж.) мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің (2012 ж.) негізі қалануына ықпал етті.

2013 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ресей, Беларуссия және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағын құруға байланысты ЕурАзЭҚ-ты қысқартудың орынды шешім екендігін бірауыздан қолдайды. Астанада 2014 жылдың 29 мамырында (ЕАЭО) Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қоймастан бірнеше ай бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы «Біздің экономикалық одақтың құрылымы – бұл қатып қалған догма емес. Алда уақыттың қиын сынақтарын еңсеру керек. Интеграциялық таңдау сиқырлы таяқша емес және ғажайыптарға кепілдік бермейді. Тек уақыттың ғана сенімге иландыратын сиқыры бар. Менің еуразиялық интеграция туралы идеямды жариялағаннан кейінгі екі онжылдықтағы тәжірибе осыны растайды ... », - деген еді.

ЕАЭО егемен мемлекеттерінің синергиясының жаңа моделінің интеграциялық процестерінің құндылықтық принциптері экономикалық прагматизм және өзара тиімділік, шешімдер қабылдаудағы еріктілік пен теңдік болып саналады.

2019 жылдың желтоқсанында Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) отырысына мемлекетіміздің атынан Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты.

Кездесуді аша отырып, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына: «Мен осы қауымдастықты құруға бастамашы болған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасына алғысымды білдіргім келеді. ЕАЭО барынша жақсы жұмыс істейді. Біз сізді осы деңгейде Санкт-Петербургте қарсы алғанымызға қуаныштымыз», - деді.

Отырыстың (ЕЭК) күн тәртібінде мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа көзқарасы – «2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының» жобасы талқыланады. Серіктестік форматы көптеген негізгі жобаларды, соның ішінде жалпы төлем кеңістігін дамыту, тауарлардың кедендік транзитін реттеу, өндірістік әлеуетті және инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту, тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару және ЕАЭО-ның әлемдік халықаралық сауда нарығындағы үлесін ұлғайту қажеттілігін көрсетті.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыты – дәстүрлі экономиканы қайта құру және ЕАЭО цифрлық кеңістігін қалыптастыру. Индустрия 4.0 және мыңжылдықтың жаңа парадигмасы өзін-өзі түзетіп, экономикалық қатынастардың басымдықтарын анықтайды.

Сарапшылар цифрлық экожүйелерді дамыту, өнімді таңбалау үшін бірыңғай ақпараттық жүйені құру және электронды сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керектігін атап өтті. Өркениетті бизнеске өнімнің өмірлік циклі (өндіруші - жеткізу - пайдалану - қызмет көрсету) туралы жедел қол жетімді ақпарат қажет. Мұндай технологияларды енгізу ЕАЭО елдерінің алып кәсіпорындары мен шағын орта бизнесінің әлемдік серіктестіктің жаһандық нарығында бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді.

«Одақты әлемдік экономикалық сәулетке интеграциялау» саясатында сабақтастық сақталады. Жетекші аймақтық экономикалық қауымдастықтармен және халықаралық ұйымдармен диалог алаңдарын ұйымдастыру, ЕАЭО мақсаттарын бөлісетін елдермен дипломатиялық консультациялар жүргізу. Қытай Азия-Тынық мұхиты аймағында маңызды сауда-экономикалық серіктес болып саналады. Өзара әрекеттесу нүктесі - «Бір белдеу, бір жол» ауқымды жобасы.

Сарапшылардың айтуынша, 320-дан астам елдермен ЕАЭО мемлекеттері азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзара тиімді іскерлік ынтымақтастық позициясы келісілген. Бұл келісімдерде де осыдан 20 жыл бұрынғыдай Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи бастамасының негізгі тезистері қамтылған: «... біз бір-бірімізді түсінеміз, мәдени қауымдастығымыз ортақ, тарихи тұрғыда ортақ тамырымыз бар, бір-бірімізді толықтыратын кәсіпорындарымыз да бар. Осы қуатты артықшылығымызды жоғалтпайық».

 

А.Құлтұманова