Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Президенттің мемлекеттік және қоғамдық қызметіне арналған музей жинақтары, архивтік материалдарды насихаттау арқылы қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, тарихи сана мен мәдениетті дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.

Елбасы кітапханасының мәдени-білім беру қызметі барысында балабақшалар, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер, колледждер, мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс атқарады.

Елбасы кітапханасының білім беру бағдарламасы бірнеше жобаларды қамтиды: «Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі»; «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті»; «Бала және мәдениет», «Астанатану», «Елбасытану».

Бағдарламалардың іс-шаралары музей сабақтары, тақырыптық экскурсиялар, Қазақстанның қоғам қайраткерлерімен кездесу, дәрістер, Бейнелеу және сәндік-қолданбалы балалар өнер студиясы, шеберлік сыныптар, кеңес беру, пікірсайыс және семинарлар түрінде өтеді.

Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында Елбасы кітапханасы өткізілген дәріс сабақтарын аудиторияның қабылдауына тұрақты әлеуметтік зерттеу жүргізеді. Сауалнама Кітапхананың ғылыми-білім беру бағдарламасы тыңдаушыларының өткізілген сабақтарға деген қызығушылық деңгейін арттыру бойынша жұмыстарды бағалау мақсатында алынады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі – 86 %-ы тыңдалған дәрістерді «өте жақсы» деп бағаласа, 99,8 %-ы теориялық білімдерге қанағаттанғандарын білдірген.

Сауалнама алынатын аудиторияның негізгі бөлігі оқушылар, коллдждер мен жоғары оқу орнының студенттері. Өткен жылдың фокус-топтарына 1335 адам қатысты. Сауалнама кездесу сабағы, экскурсия сабағы, байқау сабағы, олимпиада, шеберлік сыныбы, тарихи кеш, семинар-тренинг, дебат турнирлері, пікірталас сабағы, музейлік мереке сабағы, театрланған сабақтарынан тыс тек қана дәріс және оқу сабақтарына қатысқан тыңдаушылардың арасында жүргізіледі.

Сауалнама екі кезеңде өтеді: І жартыжылдық – қаңтардан маусымға дейін, ІІ жартыжылдық – шілдеден желтоқсанға дейін.

Фокус-топтардан алынған сауалнамалардың нәтижелері көрсеткендей, аудиторияның назары ұлтаралық қатынас, әлеуметтік және құқықтық мәселелерді қамтитын жалпы мемлекеттік тақырыптарға бағытталған. Мемлекет басшысының стратегиялық жобасы болып табылатын Астана тақырыбы өзектілердің қатарында.

Көбіне өскелең ұрпақ өкілдері Елбасымыздың өмірбаяны мен жеке өміріне қызығушылық танытады. Оқушылыр Мемлекет басшысының бойында лидерлік қасиетінің қалыптасуы жөнінде көп білуге талпынады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың лидерлік қасиеті өңірлік, сондай-ақ халықаралық деңгейде де теңдессіз екені белгілі.

Фокус-топтардың қатысушылары мәдениет пен спорттың дамуына, білім сапасына, тәуелсіз Қазақстан тарихына, мемлекеттің халықаралық имиджіне, ғарыштың дамуына, елдегі экологиялық ахуал мәселелеріне аса назар аударады.

Осылайша, фокус-таптардың тыңдаушыларынан алынған сауалнама талдаулардың нәтижелері ғылыми-білім беру бағдарламаларының қатысушылары Елбасы кітапханасы Музейіне мектептегі білім жүйесінен өзгеше үздік сабақ үлгісімен және танымдық әдістермен танысуға келетіндерін көрсетті. Бұл бағдарлама өзекті пікір алысу және сараптама алаңы ретінде ұсынылатынын да айта кету өте маңызды.