ДЖ.Ф. КЕННЕДИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ, Т. РУЗВЕЛЬТТІҢ МҰРАСЫ ЖӘНЕ СҮЙІКТІ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР. БҰЛ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНЕН ОҚЫҢЫЗДАР

Баку қуыршақ театрында «Терезенің арғы жағындағы жарық» деректі фильмінің көрсетілімі өтті

1 қазан күні Поэзия, өнер және руханият Насими фестивалі аясында Баку қуыршақ театрында «ТЭФИ Достастық» сыйлығына ие болған «Терезенің арғы жағындағы жарық» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Фильм Гейдар Әлиев Қоры мен Баку медиа-орталығының қолдауымен түсірілді.

Іс-шараға бас продюсер және идея авторы - Гейдар Әлиев Қорының вице-президенті Лейла Әлиева мен Арзу Әлиева қатысты.

«Терезенің арғы жағындағы жарық» фильмінде жақсылық пен жамандықтың мәңгі күресі бейнеленген.

 

Мәскеуде ұлы  әзірбайжан ақыны Имадеддин Насими ескерткішінің ашылуы өтті

30 қазан күні әзірбайжан ақыны мен ойшылы Имадеддин Насимидің туғанына 650 жыл толуы аясында Мәскеудегі М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының атриумында Гейдар Әлиев Қорының ұйымдастырушылық қолдауымен ақын ескерткішінің ашылуы өтті.

Ашылудың салтанатты рәсімінде Гейдар Әлиев Қорының вице-президенті Лейла Әлиева, Ресей Мәдениет министрінің орынбасары Павел Степанов, Ресейдегі Әзірбайжан елшісі Полад Бюльбюльоглу, М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының бас директоры Михаил Шепель сөз сөйледі.

 

Бірінші вице-президент Мехрибан Әлиева Бакудегі аутизм дертімен ауыратын балаларды оңалту Орталығында болды

31 қазан күні Әзірбайжан Республикасының Бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева астанадағы Нариманов ауданындағы «Бәріміз біргеміз және деніміз сау» қоғамдық бірлестігі жанында Гейдар Әлиев Қорының қолдауымен жұмыс істеп отырған Бакудегі аутизм дертімен ауыратын балаларды оңалту Орталығында болды.

«Бәріміз біргеміз және деніміз сау» қоғамдық бірлестігі – Әзірбайжандағы аутистік спектрінің бұзылуы байқалған балалар және олардың ата-аналарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым.

 

Азаматтық парызына адалдық 

2019 жылғы 9 қазанда - А.Н. Аксёновтің туғанына 95 жыл

Александр Никифорович Аксёновтің өмірі мен қызметі (1924 ж., Гомель облысы Ветковск ауданы Кунторовка ауылы – 2009 ж., Минск қ.) – Отанын сүйіп қызмет етудің, азаматтық парызына адалдықтың және жанкештілікпен жұмыс істеудің жарқын үлгісі.

Осы тамаша адамға тағдыр жарқын, әрі ізгі істерге толы және айналасындағылардың құрметіне бөлеген өмір сыйлады. Ол үлкен даңқты жолдан өтті – Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлікпен шайқасты, мемлекеттік, комсомол және партия органдарының ең жауапты басшылық лауазымдарында көп жыл табысты қызмет етті. 

 

Біздің сүйікті аналарымызға арналады. Жаны да, жүрегі де бар кітаптар

Ана… осы бір қарапайым сөздің астарында қаншама жылу, нәзіктілік жатыр, әрқашан бізбен бірге, әрдайым көмектесуге, қолдауға, жұбатуға, ең жабыңқы да тұнжыраңқы күндердің өзінде күлдіре, көңілімізді аша алатын осы жалғыз әйел затын еске алғанымызда жүрегіміз тулап, үн қатады.

Аналар күні қарсаңында Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасы біздің ең сүйікті де айнымас әйел азаматтарымыз – аналарымызға арналған бес кітапты ұсынады.   

 

«Жолдағы аялдамалар». Екатерина Кошукованың көрмесі

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының филиалы - Беларусь Республикасы Президентінің Резиденциясында Екатерина Кошукованың «Жолдағы аялдамалар» атты жеке сурет көрмесінің ашылуы өтті.

Өмір де жол сияқты - кейде тым соқпалы, кейде қызықсыз. Біреу орасан шапшаңдықпен жүйткиді, ал біреу сылбыр қозғалады. Бірақ, біз әдемі көрініске сүйсіне қарау үшін немесе өз-өзіңе үңіліп, алыс арманның тамырын ұстап байқау үшін оқтын-оқтын аялдаймыз. Бір минутқа, бір сағатқа не бір күнге.

Автор үшін бұл көрме – жоғарыда аталғандай аялдама, сондай-ақ сурет салумен және кескіндеме жұмысымен айналысқан сегіз жылын қорытындылау.

 

 «Жаңалықтар уақыты» балалар музейлік бағыттары фестивалі

Борис Ельцин музейі - «Жаңалықтар уақыты» балалар музейлік бағыттары фестивалі негізгі бағдарламасының қатысушысы.

 26 қазаннан 10 қарашаға дейін Екатеринбургте қаланың 14 музейін біріктіретін «Жаңалықтар уақыты» балалар музейлік бағыттары бірінші қалалық фестивалі өтеді. Жас қатысушылар музей квесттеріне мектеп демалысы кезінде қатыса алады.

 

Игорь Баранов – өсу драйвері ретіндегі цифрлық экономика туралы

Интернет заттар, жасанды интеллект, виртуалды шындық, блокчейн, үлкен деректер (big data) – бұл цифрлық деп аталатын бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқан экономиканың бір бөлігі ғана. Ол Ресейде экономикалық өсуді жеделдететін сиқырлы таяқша бола ала ма? Осы сұрақты 3 қазанда Ельцин орталығының кино-мәжіліс залында жиналған тыңдаушыларға экономист, Сбербанктің корпоративті университетінің оқу және зерттеулер жөніндегі проректоры Игорь Баранов қойып, бірлесе жауап іздеуді ұсынды.  Игорь Барановпен  кездесумен Ельцин орталығындағы Сбербанк корпоративті университетінің дәрісханасы ашылды.

 

Кремль Кубогында теннистік шәкіртақы алушыларға  құрмет көрсетілді

19 қазан күні, Мәскеудегі «ВТБ Кремль кубогында» елдің үздік жас теннисшілері, Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин Қорының шәкіртақы алушыларына құрмет көрсетілді.     

 «Крылатское»  мұз сарайының орталық теннис алаңында өткен салтанатты рәсімге Наина Ельцина, Татьяна Юмашева, Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев, сондай-ақ аты аңызға айналған теннисшілер Евгений Кафельников, Анастасия Мыскина және Марат Сафин қатысты.

 

 «Есенин қалай өмір сүрді» және ақын туралы басқа да естеліктер – Президенттік кітапхана қорында

2019 жылғы 3 қазанда өз бейнелілігімен имажинизммен үндес өнердегі «жаңа шаруа» бағытының өкілі - ақын Сергей Есениннің (1895-1925) туғанына 124 жыл толды. Президенттік кітапхана қорында ақынға арналған бірқатар материалдар сақталған: кітаптар; фотосуреттік ашық хаттар; «Сергей Александрович Есенин мәдениет үнқатысуында» бейнедәрісі; оның шығармашылығына арналған ғылыми еңбектер; Есенинге жақын болған ортаның естеліктері; «С.Есенин А.Кольцовқа арналған ескерткіштің ашылуында сөйлейді (Мәскеу, 1918 жылғы қараша)» атауымен жарияланған сөзі. Президенттік кітапхананың электронды оқу залында аталған құжаттардың барлығымен танысуға болады.  

 

Президенттік кітапхана Н.И.Вавилов атындағы Бүкілресейлік институттың қорынан  бірегей материалдарды цифрлайды

Президенттік кітапхана Н.И.Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдіктердің генетикалық ресурстары институтының ғылыми ауылшаруашылық кітапханасы қорынан материалдарды цифрлауды бастады. «Мемлекеттік билік» ауқымды электрондық топтамасының «Министрлік» тарауын толықтыратын «Мемлекеттік мүлік министрлігі журналы» мен «Еркін экономикалық қоғамның еңбектері» мерзімді басылымдары электронды нұсқаға көшірілетін болады.

 

Президенттік кітапханада «Аннаға арнау» шырқалды

Президенттік кітапхананың  Поэзия клубының аясында Сенат алаңы, 3-үйде Анна Андреевна Ахматованың (1889-1966) 130 жылдығына байланысты «Аннаға арнау» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара YouTube-тегі кітапхананың порталы мен каналында таратылды, әдеби кеш туралы жазба қазір де қол жетімді.

Кітапханаға ақындар мен өлең сүйер қауым, Ресей Жазушылар одағының мүшелері, шығармашылық бірлестіктер қатысушылары, А.А.Ахматова атындағы Царскосельск өнер гимназиясының оқушылары, музейлердің ғылыми қызметкерлері, Президенттік кітапхананың оқырмандары келді.

 «Анна Ахматова. Күміс ғасыр» (Ресейдегі Ахматова мен Гумилевтер отбасына арналған алғашқы музей) музейінің өкілі Елена Дорошенко барлық өлең сүйер қауымды музей экспозициясымен танысуға шақырып, музейдің негізін қалаушы әрі ұзақ жылдар директоры болған В.А.Биличенконың қызметі туралы әңгіме өрбітті.

 

Лермонтовтың өмірі мен өлімі: «Кавказдың көкше таулары... Мені аспанға сіздер үйреттіңдер...»

2019 жылғы 15 қазан күні Ресейдің терең және өмірінің соңына дейін жұмбағы шешілмей кеткен орыстың ұлы ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 205 жыл толды. 2014 жылы ақынның 200 жылдық мерейтойына орай  шығарылған Президенттік кітапхананың «М.Ю.Лермонтов (1814–1841)» электронды жинағы ақынның бірегей тұлғасын, оның Ресейдегі жаңа әдебиеттің қалыптасуындағы рөлін ашатын материалдардан тұрады. Лермонтовтың қысқа 27 жылдық өмірі - оның Ресейдің қасиетті болмысын және тарихи жолындағы кедергілер табиғатын ұғынуға, орыс жан-дүниесінің тұңғиығына үңілуге ​​кедергі болған жоқ.

 

«Ал музалар үнсіз қалмады...» атты құрсаудағы музей бойынша виртуалды саяхат - Президенттік кітапхананың порталында

Президенттік кітапхананың порталында еркін жүктеп алуға әрі  ағартушылық  іс-шараларда пайдалануға болатын «Ал музалар үнсіз қалмады...» музейлік виртуалды саяхат ұсынылған.

«Ал музалар үнсіз қалмады...» музейі Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Ленинградтың мәдениеті мен өнеріне арналған және құрсаудағы қаланың рухани өмірі, ленинградтықтардың қайғылы тағдыры баяндалады. Оның тақырыбы - руханиятқа жол кітаптар, музыка, театр арқылы екендігінде... «Ал музалар үнсіз қалмады...» атауын ойлап тауып, музейге ұсынған Санкт-Петербург музыкалық комедия театрының жеке орындаушысы Анатолий Королькевич. Бұл «Зеңбірек атылғанда музалар үнсіз қалады» деген ежелгі рим мақалын жоққа шығарады.

 

Дж.Ф. Кеннеди кітапханасы 40 жылдығын тойлады

БОСТОН – Дж. Ф. Кеннеди атындағы Кітапхана мен Музей 40 жылдығын атап өтті. 1979 жылғы 20 қазанда өткен кешеннің ашылу салтанатында сол кездегі АҚШ президенті Джимми Картер сөз сөйлеген болатын.

Кітапхана директоры Алан Прайс мерейтойды атап өтудің Дж.Ф. Кеннеди мұрасын кеңінен таратудың мүмкіндігі және АҚШ-тың 35-ші Президенті ұстанған мұраттарды дамытудың жаңа жолдарын іздеу екенін атады. 

 

Обама Қоры президенттік музейдің қорына Айова штатында өткен Президенттік жарыстан қалған кәдесыйларды жинайды

            Айова штатындағы Президенттік жарыс төрт жыл сайын өтетіндіктен, әрбір науқаннан кейін жейде, плакат және басқа да қолданбалы бұйымдардың басым көпшілігі қалып қояды. Осы жәдігерлердің кейбірі көрмелерге де қойылып жатады. Дәл қазіргі уақытта Қор сайлауалды жарыстарда қолданылған, қатысушы еріктілердің жеке басына маңызды естелік заттарға іздеу жүргізуде. Топтама Чикаго штатындағы Обаманың Президенттік орталығына қойылатын болады.

 

Гарри С.Трумэн атындағы Кітапхана мен Музей қайта өңдеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Кітапхана мен Музейдің жаңартылуымен интерактивті көрмелер, дыбыс пен жарықтың сапалы қондырғылары бар, заманауи технологияларға сай тартымды театрлар ашылады. Қалыпқа келтіру жұмыстарының 2020 жылы аяқталуы - Гарри С. Трумэннің президенттікке сайлануының 75 жылдығымен тұспа-тұс келеді. Яғни, кешеннің ашылуы келесі жылға жоспарланған. Трумэн атындағы Кітапхана, Музей және Кітапханалық институт кітапхананың жаңа директоры Курт Гремнің жетекшілігімен жобаны жоспарлауды 4 жыл бұрын бастаған болатын. 2016 жылға арналған стратегиялық жоспарда музей экспозицияларын жаңартуға, екінші буынның білім беру бағдарламаларын және Трумэннің президенттікке сайлануының 75 жылдығына орай кешенді жоспар әзірлеу қарастырылған.

 

ФДР Кітапханасы мен Музейі Теодор Рузвельт мұрасы туралы конференция өткізеді

Сейсенбі күні, АҚШ-тың 26-шы президенті туралы жақында жарық көрген кітаптың авторы Фрэнклин Делано Рузвельттің Президенттік Кітапханасы мен Музейінде осы кітап туралы өз ойымен бөліседі. «Теодор Рузвельттің рухы: Америка пірінің өшпес ізі мен қарапайым өмірі» кітабын жазған Майкл П. Куллинан Гайд Парк алаңында конференция өткізіп, қолтаңбасын таратады. Іс-шараға тарихшы-резидент, ғылыми қызметкер  Дэвид Б. Вулнер де қатысады. Кездесу Генри А. Уоллес кітапханасы орталығында 16:00 сағ. басталады. Кіру тегін.

 

Роберт Мартвик Эйзенхауэр кітапханасында «Капитолий сіздің үйіңізде» конференциясын өткізеді

ХАРВУД ХАЙТС – Мемлекеттік Сенатор Роберт Мартвик резиденттерді 11 қазанда Эйзенхауэр кітапханасында өтетін «Капитолий сіздің үйіңізде» маңызды конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияның «Капитолий сіздің үйіңізде» аталуы Сенатордың сайлаушылармен сұхбатқа ашық екендігін білдіреді. Қауымды маңызды конференцияға шақырған Р.Мартвик өз сөзінде сайлаушылардың пікірін ескеріп, мәселелерін негізге алған үкімет жұмысының сапасы жақсара түсетінін айтып, қарапайым тұрғындармен бірге халықтың мүддесін ортаға салуды көздейтінін мәлім етті. Мартвик 10-шы округте тұратын қала тұрғындарымен тұрақты түрде ашық әңгіме жүргізу мақсатында «Капитолий сіздің үйіңізде» бағдарламасы аясында сайлаушылармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап беру үшін округты жиі аралау міндетін алды.