Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне орай «Ел тарихы Елбасы кітапханасының жәдігерлері мен мұрағат құжаттарында» ақпараттық жобасының кезекті шығарылымында еліміздің бүкіләлемге әйгілі ұйымның бейбітшілікті қолдау және нығайту қызметіне қатысуына байланысты жәдігерлер ұсынылған.

Елбасы кітапханасының кәдесый бұйымдары мен нумизматика топтамасында БҰҰ-ның 50 жылдығына әзірленген жәдігерлер қатары сақталған.

C:\Users\Gaini\Desktop\1.jpg

«50-th Anniversary United Nations» жазуы бар қобдиша кәдесыйы. 1995 жылы қарашада АҚШ-тағы «Қазақстан-95» көрмесінде жапон делегациясы тарту еткен.

C:\Users\Gaini\Desktop\2.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымының эмблемасы бар «БҰҰ-на 50 жыл» маркалары (блок). 1995 жылы Берлин қаласындағы «Бундесдрукерай» баспаханасынан шығарылған.

C:\Users\Tolekova_AB\Desktop\2B90537083C6D34483385E356924108D.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына арналған «20 теңге» естелік тиыны.

Сондай-ақ бұл топтамаға БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (UNHCR) белгісі де енгізілген. Орта Азиядағы Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ агенттігі.

X:\Гайни Серикбаева\сайт от Серика\ASN_9286.JPG

Қазіргі таңда БҰҰ БЖКБ (Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы) 24 миллионнан астам адамға көмек көрсетіп отырған әлемдегі негізгі гуманитарлық ұйымдардың бірі болып табылады. БҰҰ БЖКБ Қазақстандағы өкілеттілігін 1995 жылдың тамызынан бастады. Орта Азия бойынша өңірлік өкілдік қызметін қоса атқарып отырған БҰҰ БЖКБ кеңсесі Алматы қаласында, Астана қаласында мемлекеттік ұйымдармен байланыс кеңсесі орналасқан.

2013 жылдың 4 маусымында Астана қаласында Елбасы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары А. Гутерришті қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстанда босқындар құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. «Көші-қон мәселелерін реттеу Қазақстан үшін маңызды болып саналады. Осы жылдары біздің еліміз 15 мың босқынға баспана тауып берді. Біз Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы тарапынан осы бағыттағы Үкімет қызметіне жақсы баға бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осы саладағы жұмыс өзекті күйінде қалуда, өйткені әлемде көші-қон үдерістері арта түсуде, босқындар саны жыл сайын ұлғайып келеді», – деді Н. Ә. Назарбаев.

Тараптар көші-қон үдерістерін тиімді басқару саласындағы, соның ішінде Қазақстан бастама ретінде көтерген «Алматы процесі» аясындағы ұсыныстарды іске асыру жолдарын да талқылады. Аталмыш шаралар біздің еліміздің Орта Азия өңірі үшін көші-қон саясаты саласындағы модельді мемлекет ретінде қалыптасуына септігін тигізетін болады.

Кездесуден естелік ретінде БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары А. Гутерриш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевқа «UNHCR» эмблемасы мен жазуы бар швейцарлық қол сағатын тарту етті.

2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халыққа арналған электрондық үкімет» атауымен зерттеулер жүргізді. Зерттеулер ашық, ыңғайлы және қалыпты үкіметтің сан қырлы қауіптері тұрғысында жүргізілді. Қазақстан Республикасы «Халыққа арналған электрондық үкімет» рейтингісі бойынша екінші орын алып, құрметті сыйлыққа ие болды.

C:\Users\Gaini\Desktop\4.JPG

«e-Government Survey-2012» Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы жүлдесі. 25.12.2012 ж.