Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы әлеуметтік желілердегі  үздік фото мен таңдаулы жарияланымға #ЕlbasyКіtаphаnаsynаSapar атты халықаралық байқау жариялайды. Жеңімпаздарды құнды сыйлықтар күтеді.

 

Байқау шарттары келесідей қадамдардан тұрады:

1 – қадам

Елбасы кітапханасының мына парақшаларына жазылыңыз:

facebook @president.library

instagram @president_library

2 – қадам

Елбасы кітапханасын аралау барысында алған әсеріңізді фотосурет немесе фотосуретпен бірге шағын әңгіме арқылы жариялаңыз.

Олар – Елбасы кітапханасында өткен конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, көрмелер, көшпелі көрме жобалары немесе ресми кездесулер болуы мүмкін.

Елбасы кітапханасы, мұндағы ерекше эскпонаттар туралы естелік әңгімелеріңіз бен фотосуреттерді (Инстаграм, Фейсбук) әлеуметтік желіңізде төмендегі хэштегтермен бөлісіңіз: 

#ЕlbasyКіtаphаnаsynаSapar

#ВизитвБиблиотекуЕлбасы

#VisitElbassyLibrary

 

  • Әлеуметтік желідегі Елбасы кітапханасындағы үздік фото;
  • Әлеуметтік желідегі Елбасы кітапханасы туралы үздік жарияланым номинациялары бойынша қазылар алқасының пікірі ескеріле отырып, ең көп лүпіл жинаған  жарияланымдар жеңімпаз атанады.

 

Жұмыстар 2019 жылғы 20 сәуірге дейін қабылданады.

Байқау нәтижелері 2019 жылғы 24 сәуірде қорытындыланбақ.