ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ГЕЙДАР ӘЛИЕВ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ

А.ж. 27 маусым күні, 12.00 сағ. Баку қаласында (Әзірбайжан) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Гейдар Әлиев орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Әзірбайжанның мемлекеттік, саяси қайраткері, Әзірбайжан Президенті (1993-2003 ж.ж.) Гейдар Әлиевтің идеялары мен бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ, жастар саясаты саласындағы, елдердің қалыптасуы мен даму тарихын және екіжақты қатынастарды зерделеу бойынша бірлескен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық.

Құжатқа қол қою рәсімі Гейдар Әлиев орталығында өтеді. Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов пен Гейдар Әлиев орталығының директоры, Гейдар Әлиев Қорының атқарушы директоры, Әзірбайжан Республикасы Бірінші вице-президентінің көмекшісі Анар Алакбаров қатысады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы кітапхананың, архивтің, музейдің, талдау, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ақпараттық-идеологиялық кешені.

Гейдар Әлиев орталығы Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің әзірбайжандық мемлекет құрылысы философиясы мен идеологиясын іргелі зерттеу саласындағы бірізді қызметті жүргізумен, сондай-ақ әзірбайжан тарихын, тілін, мәдени, ұлттық және рухани құндылықтарын дамытумен айналысады.