ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЯДЫ

8 сәуір күні сағат 15.00 -де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесуі өтеді. Басқосу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланады. 
Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың түркі әлеміне және түркітілдес елдердің ынтымақтастығы үшін рөлін зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтеді.