ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН М.АҚМОЛЛА АТЫНДАҒЫ БАШҚҰРТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

23-24 қазан күндері Уфа қаласында (Башқұртстан Республикасы) IV Еуразиялық гуманитарлық форум өтті. Ол мақсаты ғылым, білім, мәдениет саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру және еуразиялық кеңістікте ағартушылық мұраларын сақтау мен дәріптеу болып табылатын ғылыми, ғылыми-білім беру және ағартушылық іс-шаралардың топтамасын құрады.

Пленарлық отырыста Башқұртстан Республикасының Құрылтайы - Мемлекеттік жиын төрағасының орынбасары Э.Аиткулова, М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры С.Сагитов, Бас мүфти, Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының төрағасы, Т.Таджуддин, ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей Федерациясы комиссиясының мүшесі, ЮНЕСКО-ның ізгі ниетті елшісі А. Очирова, сондай-ақ Ресейдің басқа қалалары мен шет елдерден келген қатысушылар сөз сөйледі.

Форум жұмысына Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев қатысты. Ол 24 қазан күні өткен «ХХІ ғасырдағы білім беру кеңістігіндегі исламның мұраты мен құндылықтары» конференциясында «Жастардың діни бірегейлігі: соңғы уақыттағы трендтер» тақырыбында ашық дәріс-таныстырылыммен сөз сөйледі. Баяндамада қазақстандық жастардың дінге деген көзқарасына қатысты мәселелер көтерілді.

   

– Қазақстандықтардың әрбір жаңа буыны діннің қоғамдағы рөлін оң бағалайды. Дегенмен, дінге деген амбиваленттік көзқарас үрдісі артуда, яғни жағымды жақтарымен қатар дінге қатысты жағымсыз үдерістер де алдыңғы орынға шығуда. Сол себепті  дінге деген теріс көзқарас та артуда. Ислам дінін дәстүрлі түрде ұстанатын этностар санының көбеюіне байланысты ислам ұстанымдарының күшею үрдісі байқалады. Сонымен қатар, дін жолындағы жастардың діни белсенділігінің артуы да сезіледі. Бұл – жылдам сипатта емес, сондықтан селқос діншілдік белсендіден ұзақ уақыт бойы басым  болуы мүмкін, - деген баяндамашы мемлекеттік конфессиялық жастар саясатын түбегейлі қайта қарау қажеттілігін атап өтті.