ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЕСЕПТІК ОТЫРЫС ӨТТІ

Елбасы кітапханасы жұмысының қорытынды кеңесінде қызмет бөлімдерінің жетекшілері басшылыққа есеп берді.

- Біз ауқымды жұмыс атқардық. Орындалуы тиіс іс әлі де жеткілікті. Бүгінгі кеңестің отырысында қызмет басшыларының есебі арқылы артылған жұмыстың нәтижесімен танысып, көкейкесті мәселелерді ортаға салдық. Кей үдерістердің жылдамдығын жеделдетіп, жұмысын оңтайландыруда ұсыныстар айтып, ұжымдағы құрылымдық бөлімшелердің қызметін ілгері дамытуда жоспар құрдық, - деп кеңес отырысын ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов атап өтті.

Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері есептерін техникалық әдіспен сүйемелдеп, қатысушылардың назарына слайдтарын ұсынды.
 
Оған сәйкес, 2017, 2018 жылдардың статистикасы биылғы тоғыз айдың көрсеткішімен салыстырылып, бөлімшелер жұмысының тиімділігі артқаны анықталды.
 
Елбасы кітапханасының қорын 33 190 кітап құрайды. Жыл басынан бері оған 1777 сақтам бірлігі келіп түскен. Электронды кітапхана қорының жалпы көлемі 3 568 басылымды құрады. Тоғыз айда электронды каталогтың көмегіне жүгінген қолданушыларының бір айлық орта саны 1400 адамды құрады. Librarian@plibrary.kz виртуалды анықтама қызметін 204 оқырман қолданды. Елбасының жеке кітапханасын насихаттауда тақырыптық көрмелердің аясында 700 басылым көрсетілдітаныстырылды.
 
Елбасы кітапханасының музей жинағын 11 883 сақтам бірлігі құрайды, тоғыз айда оның қатарына 603 сақтам бірлігі қабылданған. Экспозицияда 4 280 сақтам бірлігі болса, сақтау қоймасында 7 603 сақтам бірлігі шоғырланған. Тоғыз айда «Музей жинағы» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша тізімдеме мен үш тақырыптық қор көрмесі дайындалып, «Жастар - елдің болашағы» ғылыми қор жинағы әзірленді. 780 ғылыми төлқұжат жасалды.
 

Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің есебіне сәйкес, биылғы қаңтар, қыркүйек айларының аралығында үш экспозиция жасақталып, 60 көрме өткізілген. Осы тұста «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы (24),  «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы (7), «Музей жинағы» жобасы (4), «Туған өлкем» жобасы (2), қазіргі бейнелеу өнерін қолдауға бағытталған бағдарлама мен «Үміттің қанаты» серіктестік жобасы (1) жүзеге асырылған. Ұйымның архив, музей, кітап жинақтарынан (10) жасақталып, шығармашылық бағдарламаларының биылғы тізіміне (3) негізделген олар Елбасы кітапханасының төрінде де (2), ресми сапарлардың аясында да (6) ұйымдастырылған.

 
Елбасының жеке архивіне есепті қамтитын уақыттың ішінде 1 226 есеп бірлігі келіп түсті. Бүгінде архив 145 842 есеп бірлігін құрайды. 51 035 есеп бірлігі өңделіп жатқан фотоқұжаттарға тиесілі. 1 982 есеп бірлігіндегі құжат электронды нұсқаға аударылды. Жеке архивтің сақтам қоры 134 280 есеп бірлігін құрайды. Соңғы тоғыз айда түскен 90 сұранымға сәйкес, берілген архив құжаттарының жалпы саны 6 566 есеп бірлігін құрайды. Архивті цифрландыруда құжаттардың 95%-дан астамы жүйеге тіркелді. Оның 22%-дан астамы электронды үлгіге көшіріліп, 24%-дан астамы электрондық картаға ие болды. Тізімдемені жүргізу және электронды каталогты дайындау аясында 130 есеп бірлігін құрайтын электронды құжаттардың негізінде тақырыптық архив топтамалары дайындалды.
 

            

Елбасы кітапханасы қызметін техникамен жабдықтауда қос ғимарат қосымша 30 аудионұсқаушы енгізіген. Назарбаев орталығының «Президенттік экспозициясында» орналасқан жоғары мемлекеттік марапаттардың 3D голограммасы биыл 5 марапаттың бейнесімен толықты. Интерактивті альбомдар 1992-1998 жылдарды қамтитын «Жасампаз» альбомымен толықты. Тоғыз айда Елбасы кітапханасының ресми сайтына 155 688 адам кірген. Оған кіретін 50 873 қолданушы әлемнің 107 елінен қосылған. Осы тұста Ресей, АҚШ, Өзбекстан елдерінің пайдаланушылары көш бастап тұр.

Экскурсия қызметі ұсынған есепке сәйкес, соңғы тоғыз айда Елбасы кітапханасының экспозициялары мен қор жинақтарымен 313 789 адам танысқан. Жалпы есеппен өткізілген 8 996 экскурсияның 54%-ы қазақ тілінде, 41%-ы орыс тілінде, 5%-ы ағылшын тілінде өткен. 70% келуші ұйымдасқан экскурсиялық топтың құрамында жүрсе, 31% келуші экскурсия маманының көмегіне жүгінбей-ақ, жәдігерлермен өздігінен танысқан. 50,58% экскурсия қатысушыларының санын орта білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының студенттері құрайды. Келушілердің 14%-ға жуығы - шетелдік туристер. Шетелдік туристердің негізгі бөлігін Ресей және Қытай елінің азаматтары құрайды. Сонымен қатар, музейді Еуропа, Азия, Солтүстік және Латын Америкасының азаматтары, Африка елдерінен (Зимбабве, Эфиопия, Мысыр, Оңтүстік Африка Республикасы, Алжир және т.б.) келген қонақтар тамашалады. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме экспозицияларымен 200 мыңнан астам адам (Қызылорда облысында – 160 080, Жамбыл облысында - 182 016) танысты. 7 мыңнан астам адамды қамтыған 52 көшпелі экскурсия өтті.

Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында бірқатар ірі ғылыми конференцияларды («Нұрсұлтан Назарбаев: болашақ бүгіннен басталады»; «Идеядан нақтылыққа: ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасына 25 жыл», «Кемеңгерліктің 30 жылы», «Елбасының тарихи миссиясы: Жаһанданған әлемдегі қауіпсіздік және тұрақтылық») және Жастар жылына, президенттік институтқа және саясаттанудың заманауи мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдерді өткізуде ат салысты. 14 ғылыми басылым дайындалды, олардың арасында ұжымдық монографиялар, конференциялар материалының жинақтары, материалдар мен құжаттар жинақтары, альбомдар, ақпараттық-анықтамалық басылымдар және басқалары бар. Есептік кезеңде 1029 тыңдаушы үшін 21 оқыту семинары өткізілді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлер үшін арнайы әзірленген «Library-practicum» ғылыми-практикалық семинары - көшпелі семинардың жаңа форматы ретінде мақұлданды. Мұндай семинарлар Қызылорда, Алматы, Павлодар және Жамбыл облыстарының мемлекеттік қызметкерлері үшін жүргізілді. Биыл алғаш рет елордалық үш мектептің 30 сыныбында «Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» және «Астаналар - мемлекеттіліктің нышаны» тақырыптарында еріктілер сағаты ұйымдастырылып, өткізілді. Елбасы кітапханасының Интерактивті білім беру орталығында 2 аттестациялық музейлік сабақ және «Туған жер» жобасы аясында 3 сабақ өтті.

Елбасы кітапханасы құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелері Баспа және редакциялау қызметі шығаратын баспа материалдарында көрініс табуда. Өткен 9 айда монографиялар, ұжымдық монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, конференциялар материалы жинақтары, құжаттар жинақтары, ғылыми-қорлық жинақтар, музейлік топтамалар каталогтары, альбомдар, музейлік жобалардың каталогтары, көрмелер каталогтары, жөнсілтемелер, оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдар, тәжірибелік құралдар, музейлік сабақтар жинақтары, жұмыс дәптерлері – барлығы 33 баспа жобалары жарық көрді. «NN Journal» атты қоғамдық-саяси және ғылыми-танымдық журналы 3 рет 3 000 данамен шықты.

Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің стратегиялық идеялары мен бастамаларын таяу және алыс шет елдерде жүзеге асыру қызметімен айналысатын Елбасы кітапханасының Халықаралық байланыстар қызметі құрылды. Шетелдік сапарларды хаттамалық қамтамасыз ету аясында құрылымдық бөлімше қызметкерлері Елбасы кітапханасы делегациясының Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) және Токиода (Жапония) өткен «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» атты Елбасы кітапханасының көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы бойынша сапарларын ұйымдастыруға белсенді қатысты. Жапония мен Әзірбайжан, сонымен қатар шетелдік делегациялардың Елбасы кітапханасына сапарлары аясында Гои бейбітшілік Қорының (The Goi Peace Foundation) президенті Х.Сайонджимен, «Сока Гаккай Интернэшнл» (Soka Gakkai International) ұйымының, Токио Ұлттық музейінің басшылығымен, Хонда Қорының президенті Хирото Ишидамен, Гейдар Әлиев Қорының атқарушы директоры А.Алакбаровпен, Әзірбайжан Әлеуметтік зерттеулер орталығының басқарма төрағасы, Милли Маджилис депутаты З.Орудж және басқалармен кездесулер дайындалып, ұйымдастырылды.

Есептік кезеңде Елбасы кітапханасының қызметі туралы БАҚ-ында 1 316 жарияланым мен телесюжеттер шықты. Оның 68%-ы орталық, 26%-ы өңірлік, 6%-ы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында (Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Украина, Франция, Бельгия, Жапония) жарық көрді. Жаңалықтардың 51,2%-ы орыс тілінде, 44,7%-ы қазақ тілінде, 4,1%-ы басқа тілдерде жарияланды. Осы жылдың 9 айында әлеуметтік желілерде жарық көрген Елбасы кітапханасы туралы жарияланымдар саны - 3 261. www.presidentlibrary.kz сайтында үш тілде 712 жаңалық материалдары жарық көрді. 75 бейнематериал дайындалып, жүктелді: роликтер, пікірлер, сұхбаттар және жаңалық сюжеттері. Президент кітапханалары, орталықтары мен қорлары туралы әлемдік жаңалықтардың 9 дайджесі дайындалып, Елбасы кітапханасы сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланды. Елбасы кітапханасының жұмысы туралы ақпаратты таратудың тиімді арнасы – ресми веб-сайтпен біріктірілген Youtube тұғырнамасындағы ресми бейнеарна. Арнада қысқа метражды фильмдер, тақырыптық бейнероликтер, Елбасы кітапханасы өкілдерімен, танымал қазақстандық және шетелдік қоғам қайраткерлерімен сұхбаттар, білім беру жобаларының материалдары, ғылыми конференциялар, семинарлар мен көпшілік іс-шаралар туралы есептер көрсетіледі. Бүгінгі күнге арнада 246 бейне материал жарияланған.

Сонымен қатар, Елбасы кітапханасы қызметтерінің жетекшілері басшылық пен әріптестеріне келесі жылға арналған жұмыс жоспарлары мен ұзақ мерзімді жобалары туралы ақпарат ұсынды. Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжанов мекеменің есептік кезеңдегі қызметіне жоғары баға берді, оның ішінде 2017 жылы бастау алған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының табысты жүзеге асырылуына барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қосқан үлесін ерекше атап өтті.