ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАЛАРЫ

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге www.presidentlibrary.kz ресми сайтында оқуға қол жетімді 3000-нан астам жарияланымдары бар тегін интернет-кітапхананы пайдалануға болатындығын еске саламыз.

Цифрланған кітаптар мен мақалаларға сайттың басты бетіндегі «Кітапхана» тарауы арқылы қол жеткізуге болады.

«е-Кітапхана» тараушасын таңдау арқылы оқырман электронды каталогқа қол жеткізеді.

Мұнда жинақтарға бөлінген басылымдармен таныса аласыз:

 

  • Тұңғыш Президенттің орыс тіліндегі еңбектері;
  • Сирек және жинақтамалық басылымдар;
  • Тұңғыш Президенттің мемлекеттік тілдегі еңбектері;
  • Құран басылымдары;
  • Тұңғыш Президенттің шет тілдегі еңбектері;
  • Қазақстан авторларының Тұңғыш Президент туралы еңбектері;
  • Шетелдік авторлардың Тұңғыш Президент туралы еңбектері;
  • Мемлекет және үкімет басшыларының сыйлағандары;
  • Мемлекет және үкімет басшыларынан сыйлық қолжазбасымен;
  • Шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерінен сыйлық ретінде;
  • Шетелдік және мемлекет қайраткерлерінен сыйлық қолжазбалармен;
  • Қазақстандық қайраткерлердің сый ретіндегі қолжазбамен;
  • Елбасының қарарлары және белгілері бар кітаптар.

 

Ұсынылған басылымдардың тақырыптары:

  • Жалпы сұрақтар;
  • Философия;
  • Дін;
  • Қоғамдық ғылымдар;
  • Тіл және тілтану;
  • Жаратылыстану ғылымдары және математика;
  • Технология (Қолданбалы ғылымдар);
  • Бейнелеу және сәндік өнер;
  • Әдебиет;
  • Тарих.

 

Автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйенің іздеу жолағында қажетті кітапты, мақаланы немесе мерзімді басылымды атауы, авторы, тақырыбы, басылым мекен-жайы, баспагері, шыққан жылы, мазмұны, ISBN және т.б. бойынша табуға болады.

Сондай-ақ, «Ақпараттық ресурстар» бөліміндегі «Кітапхана» бөлімінде 60-тан астам отандық және шетелдік ақпараттық ресурстар ұсынылған, оның ішінде ғылыми мәліметтер базасы, ақпараттық-талдау орталықтары, электронды кітапханалар пайдаланушыларға әлемдегі ең жаңа ғылыми жетістіктер туралы ақпарат алуға және оларды өздерінің кәсіби-ғылыми қызметіне пайдалануға мүмкіндік бар.