ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН «ТАРИХИ ТАҢДАУ» КӨРМЕСІ

27 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Тарихи таңдау» көрмесі ашылды.

  

Елбасы кітапханасы музей жинағының архив материалдары мен бірегей жәдігерлері 1991 жылдың негізгі оқиғаларынан сыр шертеді. Олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сайлау сәті мен мемлекет егемендігінің қалыптасу тарихын бейнелейді.

  

Көрмеде  көпшілік назарына ұсынылған ақ киіз – Елбасыны таңдаған халық қолдауының нышаны. Келушілер Қазақстан Республикасының дамуына мемлекеттік еңбегін сіңірген азаматтарға берілетін «Алтын қыран» орденін тамашалады. 40-тан астам елдің Н.Ә. Назарбаевқа тарту еткен жоғарғы мемлекеттік марапаттар топтамасы да көрме жәдігерлерінің арасындағы ең ерекшесі. Бұл топтама әлемді ядролық қарудан азат ету мен жасампаздықтың, жаһандық қауіпсіздік пен интеграциялық үдерістер бастамаларының идеясын ілгерітудегі Елбасының еңбегін жүйелеп көрсетеді.

Көрмеде Елбасы жеке кітапханасынан алынған 145 кітап көрсетілді. Кітап қоры жеке кітапхана иесінің өмірбаяны мен қызмет жолын кезеңдерге бөліп қарастырады. Олар Елбасының рухани болмысын суреттеп, өмірлік көзқарастарын, ұстанымдарын ашады.

Фотобаян