2018 жылғы 10 мамырда Гейдар Алиев орталығында «Гейдар Алиев: тұлға, миссия, мұра» атты тарихи-деректі Әзербайжан – Ресей көрмесі ашылды. Іс-шара қазіргі гүлденген, демократиялық Әзербайжан Республикасының негізін қалаған тұлғаның 95 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Көрме Әзербайжан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігі мен Гейдар Алиев қорының қолдауымен өтті. Оның аясында Әзербайжан көшбасшысының өмірі мен қызмет жолынан сыр шертетін фото, бейне материалдар мен құжаттар, 300-ден астам жәдігерлер ұсынылды. Олар Әзербайжан және Ресей тарихшылары мен мұрағатшыларының көмегімен жиналған.

Материалдармен Ресей Федерациясы Президентінің архиві, РФ Мәдениет министрлігі, РФ Сыртқы саясатының архиві, РФ Мемлекеттік архиві, Ресей экономика мемлекеттік архиві, Ресей кино фото құжаттар мемлекеттік архиві, Ресей әдебиет және өнер мемлекеттік архиві, Ресей жаңа тарих мемлекеттік архиві, Ресей саяси тарихының мемлекеттік музейі, Мәскеу патриархаты мен Гейдар Алиев орталығы баспасөз қызметінің өкілдері жұмыс істеген.

Көрме алты бөлімнен құралады. Олардың әрқайсысы Әзербайжан Республикасы ұлы көшбасшысының өмір кезеңдеріне арналған.