ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙ ЖИНАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТЕДІ

Жыл сайын, 18 мамыр күні барша әлемнің музей қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Халықаралық музей күні 1977 жылы, Халықаралық музей кеңесінің (International Council of Museums, ICOM) шешімімен күнтізбеге алғаш енді. 1978 жылдан бастап аталған мәдени мереке 150-ден астам елде атап өтілетін болды.

Бүгінде қоғам музей арқылы тарихи-мәдени мұраны дәріптейді. Материалды және рухани мәдени ескерткіштер мен жәдігерлерді жинап, сақтау арқылы музейлер орасан ғылыми-ағарту және білім беру мен тәрбие жұмысын атқарады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Н.Ә. Назарбаевтың ақпараттық-идеологиялық кешені ретінде бірқатар функциялармен қатар музей қызметін де атқарып, көрме-экспозициялық жұмыстарға зор көңіл бөледі.

Елбасы кітапханасының қос ғимаратында көпшілік назарына ұсынылған экспозициялар республиканың егеменді мемлекет ретінде қалыптасуынан бастап осы күнге дейінгі еліміздің жаңа тарихынан сыр шертіп, оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлін жан-жақты паш етеді.

Қазіргі уақытта Елбасы кітапханасының музей жинағы 11 мыңнан астам сақтам бірлігін құрайды. Олардың шығу тегі әлемнің 50-ден астам елін құрайды.

Музей жинағын шет ел мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлар, дүниежүзілік жетекші компаниялар, корпорациялар және кәсіпорындар тарапынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа деген ризашылығы мен құрметі ретінде тарту етілген бірегей сыйлықтар құрайды.

Кітапхананың музей жинағы 11 топтамадан тұрады:

  • Жоғары мемлекеттік және қоғамдық наградалар;
  • Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар;
  • Қару-жарақ және әскери сауыт-сайман;
  • Нумизматика;
  • Кәдесыйлық бұйымдар;
  • Ыдыс-аяқ;
  • Кілемдер және киізден жасалған бұйымдар;
  • Киім;
  • Жұмсақ инвентарь;
  • Материалдық мәдениет заттары;
  • Бейнелеу өнерінің туындылары.

 

Жоғары мемлекеттік және қоғамдық жоғары наградалар топтамасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградалары кіреді, олардың арасында КСРО, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары және шет мемлекеттердің наградалары бар.

«Әулие Апостол Андрей Первозванный» ордені.

Ресей Федерациясының Президенті Б.Н. Ельциннен,

1998 жылғы 17 қазан күні Алматы қаласында Ресей мен Қазақстан халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына қосқан жеке үлесі үшін табыс етілген

«Достық» ордені.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен,

2019 жылғы 28 сәуір күні Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты ілгерілетуге және жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін табыс етілген

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар топтамасы бағалы металдар мен тастан жасалған кәдесыйлар мен композициялар, зергерлік бұйымдар, сәндік ыдыс-аяқтар, діни қызмет ыдыс-аяқтары, тұрмыстық заттар, нумизматика және басқа да экспонаттардың тақырыптық топтарынан тұрады.

 «Армуду» стакандар жиынтығы, стакан қойғыштармен бірге. Хрусталь, күміс.

Әзербайжан Президенті И.Әлиевтен, Бодрум қ. (Түркия), 2014 жылғы 4 маусым.

Ритон. 925 сынамалы күміс, мәрмәр, алтындалған. Қол жұмысы.

Түрікменстан Президенті Г.М. Бердімұхамедовтен, 2017 жылғы 9 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатында табыс етілген.

Қару-жарақ және әскери сауыт-сайман топтамасына атыс қарулары, суық қарулар, қорғаныс қарулары, ат жабдығы (ер тоқым жабдықтарымен, қамшы), амунициялар, аңшылардың жарақтық заттары, сонымен бірге әскери және аңшылық тақырыбына қатысты басқа да заттар жинағы кіреді.

«Валашка» балташасы. Жез, ағаш. Таспен әрлеу.

Словения Республикасының Президенті М.Кучаннан, 2002 жылғы 22 мамыр.

Қанжар. Болат, күміс, ағаш, былғары. Гравюра, алтындалған.

Иордания Королі Абдалла ІІ сыйы, Нұр-Сұлтан қ., 2017 жылғы 1 қараша.

Нумизматика топтамасына нумизматика (тиындар), бонистика (банкноталар мен боналар), фалеристика (медальдар, төсбелгілер, белгішелер, спорттық медальдар), филателия (пошта маркалары, пошта конверттері, пошталық ашық хаттар), геральдика (елтаңбалар үлгісі), сфрагистика (мөр, мөртабан) кіреді.

«13th Islamic Summit» панносы.

Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Ислам ынтымақтастығы ұйымының 13-ші саммиті, 2016 жылғы 13 сәуір.

«Француз Республикасының Президенті» үстел тақтасы.

Француз Республикасының Президенті Н. Саркозидан, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитіне қатысуы барысында сыйға тартылған, Вашингтон қ. (АҚШ,), 2010 жылғы 13 сәуір. 

Естелік медаль. Авторлары: Даниэла Фуско, Эмануэль Роки.

Рим Папасы Бенедикт XVI сыйы, 2012 жылғы 30 мамыр.

Кәдесый бұйымдарының топтамасы: сәндік табақтар, кәдесыйлық паннолар (естелік тілімдер, естелік тақтайшалар, құттықтау хаттар, панно), естелік кәдесыйлар (үстелге арналған кәдесыйлар, композициялар, мүсіншелер, стелалар, билік нышандары, дін және ғибадат заттары, музыкалық аспаптар (кіші көлемді), плакеткалар, кәдесыйлық кілттер), спорттық кәдесыйлар, қобдишалар, макет-кәдесыйлар.

Кәдесый. «Омар мешіті». Седеп, Ою. Қол жұмысы.

Палестина Президенті Махмуд Рид Аббастан, 2006 жыл.

«Зәйтүн бұтағы» композициясы. Метал.

Рим Папасы Францисктен, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі, Нұр-Сұлтан қ., 2018 жылғы 10 қазан

Ыдыс-аяқ топтамасы. Топтамаға вазалар (сәндік, едендік, гүлдерге, тәттіге, жеміс-жидекке арналған), асханалық ыдыстар (шай, кофе сервиздері, ас үй заттары, тәрелкелер және табақтар), сыйға тартылған жинақтар (графиндер, құмыралар, стақандар, тостақандар, фужерлер, ішуге арналған ыдыстар, саптыаяқтар), ұлттық үй заттары (сабылар, торсықтар, құмыралар, шайқағыштар) кіреді. 

Тостаған. Ағаш. Қол жұмысы.

АҚШ президенті Д.Трамптан, 2017 жыл.

Құмыра. Фарфор. Өрнек.

Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ХІІІ саммиті, Стамбул (Түркия), 2016 жылғы 12 сәуір.

Кілем және киізден жасалған бұйымдар топтамасына суретті кілемдер, сюжетті кілемдер, кілемдік бұйымдар (кілемдер, кілемшелер, панно), киіз бұйымдары кіреді.

Түкті кілем. 200х150 см. Жоғары тығыздықты.

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Х. Карзайдан.

Киім топтамасына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке киімдері, арнайы киім (спорт, жұмыс, іскерлік, әскери киім), әлем халықтарының ұлттық киімі, шетелдік және отандық оқу орындары мен ғылыми мекемелер тарту еткен мантиялар, бас киімдер және аяқ-киімдер кіреді.

Түрікменстанның ұлттық киімдері - дон, телпек (халат, бас киім). Мата, аң терісі. Жеке тапсырыстпен тігілген.

Түрікменстан Президенті Г. Бердімұхамедовтен, 2014 жылғы 2 желтоқсан.

Жұмсақ инвентарь топтамасына күнделікті қолданылатын заттар (сүлгі, сулық, дастарқан, майлық), вексиллология (ту, жалау, байрақ, жалауша), матаның әр түрінен, жұмсақ материалдардан дайындалған жұмсақ кәдесыйлар кіреді.

Слуцк белдеуі. XVIII ғасырдың 2-ші жартысындағы Слуцк мануфактурасының қазіргі заманғы көшірмесі.

Беларусь Президенті А.Лукашенкодан, 2015 жыл.

Материалдық мәдениет заттары топтамасына макеттер, спорт жабдығы мен үстел ойындары, өндірістік құралдар және өнім үлгілері, музыкалық аспаптар, тұрмыс заттары, автокөліктер, археологиялық артефактілер кіреді.

Камин сағаты. Қола. Құйма.

Литва Президенті А.М. Бразаускастан,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Литва Республикасына ресми сапары, 1994 жылғы 9 тамыз.

Шахмат. «Мәскеу түбіндегі «Бородино» шайқасы». Авторы - Л.Головко. Фарфор, карель қайыңы. Қол жұмысы, алтындалған.

Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, 2006 жылғы 11 қаңтар.

Бейнелеу өнері туындыларының топтамасына мүсін, сурет өнері, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, нобайлық және кеңістік бейнелер, сурет репродукциялары, балалар суреттері кіреді.

«Көшпенді» мүсіні. Қола. Д.Намдаковтың авторлық жұмысы.

Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведевтен, 2011 жылғы 15 маусым.

«Ұлы Жібек жолындағы керуен» мүсіні. Жез.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен, Бейжің қ., 2019 жылғы 28 сәуір.

«Шабдалының гүлдеуі» панносы. Табиғи тас.

Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чонг Тан Шангтан, Нұр-Сұлтан қ., 2012 жылғы 10 қыркүйек

Музей жинағы топтамаларымен Елбасы кітапханасының музей ғимараты http://presidentlibrary.kz/kk/content/elbasy-kitaphanasynyn-muzeyinin-videoturyna-shakyramyz және Назарбаев орталығы http://presidentlibrary.kz/kk/content/elbasy-kitaphanasynyn-videoturyna-shakyramyz бойынша бейнетурларды қарау арқылы жақынырақ танысуға болады.