Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қазақстандық президенттік институтының даму тарихына арналған іс-шара топтамасындағы «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының көшпелі экскурсиясы 2019 жылы 25 сәуірде  Нұр-Сұлтан қ. № 62 мектеп-лицейінде жалғасты.

№ 62 мектеп-лицейінің арнайы дайындалған аудиторияларында бастауыш, орта буын және жоғары сыныптардың оқушыларына «Атамекен»,  «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Қазақстанның спорт даңқы», «Тарихи таңдау. Басы»  тақырыптық эскурсиялары барысында Кітапхана музейі мен архивінен жеткізілген жәдігерлер көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, шетелдік жоғары наградалары, егеменді еліміздің кәсіби спортын дамытудағы Елбасының рөлі жайлы маңызды деректер презентация үлгісінде оқушылар назарына ұсынылды.

700-ге жуық оқушы мектептің акт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатынан іріктелген фильмдер топтамасын тамашалады. Іс-шара үшін алғыстарын білдірген оқушылар мен ұстаз қауымы Елбасы кітапханасының ғимараттарына экскурсияға келуге де асық екенін де жеткізді.