ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ВЕБИНАРЛАРЫ – ШАБЫТТЫҢ, МАҚСАТ-ЖОСПАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

14-15 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру қызметінің мамандары Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары жоғары сынып оқушыларына арнап «Болашақ өзіңнен басталады» вебинарын өткізді. 

  

Оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың өзекті бағдарламалық мақалалары мен жолдаулары негізінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми мамандары дайындаған дәрістер сериясын мұқият тыңдап, команда құрамындағы ойындар мен пікірталастарға қатысты. Тыңдаушылардың қызығушылығын әсіресе, әлеуметтік жобаларды жасақтау тренингі оятты. Жобалау және танытым негіздерін меңгерген оқушылар білім берк мен денсаулық сақтауды жаңғырту, экологияны жақсарту, туризмді дамыту, Қазақстан брендін жетекші ету т.б тақырыптарда өз жоспарлары мен құрылымдарын ұсынды. 

– Мен Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Мектеп бітіргеннен кейін ЖОО-ға түсіп, орман инженері мамандығын игеріп, Бородулиха филиалындағы “Семей орманы” МБ МОПР- да қызмет еткім келеді. Меніңше, бұл мамандық қоғамға үлкен пайда тигізеді. Біз орманның тірі заттектердің жаһандық қуаты екенін ұғынуымыз керек, ол біздің планетадағы оттегі мен көміртегі балансына ықпал етеді. Семей аймағының ормандары - бұл бірегей лента тәрізді қарағайлы ормандардан, ішкі  жайылмалы ормандардан, қайың-көктеректі тоғалардан және Қазақстан тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі алма тоғайларынан тұратын табиғи кешен. Олардың барлығы топырақты қорғау, климаттық бақылау, суды қорғау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық және басқа қорғаныс және әлеуметтік функцияларды орындайды. Қазіргі кезде орман қазыналарының жойылып кетуіне орман учаскелерінде болатын алпауыт өрттер себеп. Бұл жағдай Қазақстандағы орман қорларын сақтаудың маңыздылығын көрсетті.  Бұл міндетті орындау үшін экологиялық сауатты жастарды тәрбиелеу қажет. Біздің мектепте «Лесовичок” орман шаруашылығы бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, оған мектеп оқушылары қуана барады. Мектептегі орман шаруашылығының басты мақсаты - еліміздің аумағындағы ормандарды көбейту. Мен жетекшінің көмекшісімін. Осы орайда 2019 жылы «Мектептегі орман шаруашылығында қалай жұмыс істеу керек» атты облыстық семинарға қатысып, айтулы тәжірибе жинадым. География пәнінің мұғалімі Бодомбаев Саят Бірқанұлының жетекшілігімен  біздің команда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс істеп жүр. Біз орман шаруашылығы мекемесіне орман отырғызу жұмыстары бойынша көмектесеміз.  Мектеп жанынан құрылған орман шаруашылығының насихат тобы ауыл тұрғындарына “Біз сені жақсы көреміз, орман!” ұранымен шығады. Ұлы Жеңіске орай “Жад” операциясын жасап, ұйымдастырамыз. Естелік көшеттерін отырғызып, ауылды көгалдандырумен шұғылданамыз. Мектеп жанынан тәлімбақ құру туралы идея бізге тиесілі. Болашақта тек Бородулиха ауданында ғана емес, көрші аудандарда да көшет отырғызу жоспары бар. “Болашақтың жолы әрқайсымыздан басталады” атты екі күндік вебинарға қатысқаннан кейін өз мақсатыма жетуде тағы да қуатты идеялар пайда болып, шабытым оянды, - деп жоспарымен бөлісті ШҚО Бородулиха ауданы Н.Островский атындағы орта мектептің оқушысы Ангелина Ангельчева.