ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТҰҢҒЫШ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕРГЕ ЕСІГІН ҚАЙТА АШТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Н. Назарбаевтың бірінші резиденциясы ғимаратында орналасқан Елбасы кітапханасы осы жылдың 3 қыркүйегінен бастап келушілерге есігін қайта ашты. Тегін экскурсиялық және тақырыптық экскурсиялар он адамнан аспайтын топтарға алдын ала жазылу арқылы қол жетімді.

Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов атап өткендей, карантин кезінде кітапхана қалыптасқан  жағдайдың талаптарын қанағаттандыра отырып, жұмыстың және көпшілікпен байланыстың жаңа форматына көшті. Пандемия басталмас бұрын жоспарланған көптеген іс-шаралар виртуалды көрмелер мен экскурсияларға айналды.

– Елбасы кітапханасының ғимараты жабық болғанымен,  ол өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Барлық іс-шаралар виртуалды кеңістікке көшті. Біздің арнайы жобамыз – Назарбаев орталығы мен Елбасы кітапханасы мұражайының көрме залдарына бейнетурлар. Біз мерекелер мен есте қаларлық даталарға арналған бейнетурлар, сонымен қатар сауалнамалық және тақырыптық экскурсиялар дайындадық: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне, Халықаралық мұражайлар күніне, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне, Қазақстандағы Президенттік институттың 30 жылдығына және басқаларға арналған. Олардың барлығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді», - деп Ә. Рахымжанов барлық бейнетурлардың Елбасы кітапханасы ресми сайтының «Бейне галереясында» орналастырылғанын атап өтті.

Бейнекөрмелер - карантин кезеңінде белсенді дамыған Елбасы кітапханасының кең қорын танытудың тағы бір түрі болып табылады. Көрмелер әртүрлі форматта өткізіледі: тақырыптық экспозициялардың бейнетурлары; бейнероликтер; көрменің әр фрагментін егжей-тегжейлі зерттеуге болатын презентация түріндегі дәстүрлі электронды формат; алғаш рет «бір жәдігер» көрмесі ұсынылды.

Халықаралық музей күніне орайластырылған  виртуалды форматта Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесі,  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстан жауынгерлері Сталинград түбіндегі шайқаста» көрмелері ұсынылды. «Күмістің мәңгілік сәулесі» (күмістен жасалған бұйымдар топтамасы) және «Пішін мен суреттің үндестігі» (табақтар топтамасы) бірегей топтамалары толық көлемде ұсынылған. Бұдан басқа, «Болашақ санасы», «Қазақстандағы олимпиада қозғалысы» бейнекөрмелері дайындалған.  

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларына және Елорда күніне арналған іс-шаралар үлкен маңызға ие болды. Біз көрермендер үшін виртуалды көрмелер дайындадық: «Н. Назарбаев - Еуразиялық интеграцияның сәулетші», «Елбасының асқақ арманы», сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қоғамдық наградалар жинағынан көрме және осыған аттас Елбасы кітапханасының көшпелі кешен көрме жобасының материалдары бойынша  «Н.Назарбаев: Дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі, - деді Ә. Рахымжанов.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына  «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» бейнекөрмесі дайындалды. Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күніне орай «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» экспозициясы бойынша бейнетур ұйымдастырылды.

Елбасы кітапханасы тұңғыш рет «бір жәдігер» виртуалды көрмесін ұсынды, онда бірегей мұрағат құжаты – «Шоқан Уәлихановтың сот реформасы туралы жазбасы» ұсынылған. Бұл көрме Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мен Шоқан Уалихановтың 185 жылдығына орайластырылды.

Елбасы кітапханасының ғылыми және білім беру қызметі де виртуалды кеңістікке көшті. Вебинарлар, марафон сабақтары, бейне дәрістер, дөңгелек үстелдер, онлайн-конференциялар өткізілді. Осы тұста желі студенттері білім алудың жаңа форматына зор қызығушылық танытып жатқанын атап өткен жөн.

–Тұңғыш Президенттің кітапханасымен көптен бері жемісті жұмыс істеп келеміз. 2017 жылдан бастап студенттеріміз вебинар форматына айналған оқыту семинарларына қатысады. Жазда студенттерден басқа колледж оқытушылары да білім алады. Сонымен қатар студенттер Елбасы кітапханасының іс-шараларына белсенді қатысады. Елбасы кітапханасының ғылыми және білім беру жобаларына қатысуға мүмкіндік алғанымызға өте қуаныштымыз, - деді Нұр-Сұлтан қ. Басқару  колледжінің директоры Айман Әлиева.

Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына және Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттілікті дамытудағы тарихи рөліне арналған «Жасампаздық дәуірі» кітабының онлайн-тұсаукесері өтті.

Онлайн-конкурстар өткізілді. Олардың қатарында «Абай оқулары» әдебиет эстафетасы, «Елін сүйген Елбасы» мұражай сабағына арналған мұғалімдердің республикалық шығармашылық байқауы, балабақша тәрбиеленушілері суреттерінің «Атамекен» онлайн байқауы, сонымен қатар Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қ. мектеп оқушылары арасында үздік эссеге жарияланған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» онлайн байқауы бар.

Елбасы кітапханасы www.presidentlibrary.kz сайты арқылы оқырмандарға онлайн кітапхана қызметін («кітапхана» бөліміндегі «е-Кітапхана») тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Кітап қорында электронды форматтағы үш мыңнан астам басылым бар.

Көрсетілгендерден  басқа, Елбасы кітапханасының сайтында қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғаларына, сондай-ақ мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген табысты замандастарға арналған рубрикалар үздіксіз өткізіліп тұрады. Бұл – «Мәңгілік ел алыптары», «Ұлы дала тарландары», «Ұлттық код» және басқа жобалар.

Жалпы, осы аралықта Елбасы кітапханасына онлайн-келушілердің қамтуы он мыңнан астам интернет қолданушыларды құрады. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес әлі жалғасуда. Қазақстанда қабылданған шаралардың арқасында ауру деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды. Осыған байланысты барлық профилактикалық шараларды сақтай отырып, келушілерге Елбасы кітапханасының музейі (Бейбітшілік көшесі, 11) ашылды. Музейде денсаулық сақтау шараларының  барлық жағдайы жасалған. Атап айтқанда, бірінші қабаттың фойесінде дезинфекция дәлізі орнатылды, мөлшерлегіші бар  стационарлық тазартқыштар  орнатылды, маска режимі сақталып отыр. Көрме залдарының орналасуы адамдар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтауға мүмкіндік береді.

Музей  күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Экспозицияға кіру 17.15-ке дейін. Демалыс күні – дүйсенбі. Экскурсияға мына телефондар арқылы  алдын ала тіркелуге болады: 75-12-92, 75-12-96, 75-10-27. Экскурсияның өткізілу уақыты: 10.30, 12.00, 14.30, 16.00.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейіне қош келдіңіздер!