ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ КИНОКӨРСЕТІЛІМ

Елбасы кітапханасында Елорда күніне арналған қысқа метражды фильмдер көрсетілімі өтті. «Тартылыс нүктесі» жəне «Өркениет ордасы» атты фильмдерді Қызылорда облысынан келген ұстаздар, Ұлттық қорғаныс университетінің əскери қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамашалады. 

Қызылорда облысы Жалағаш ауданынан келген қазақ тілі мен әдебиеті пəнінің мұғалімі Салтанат Орынтайқызы Елбасы кітапханасынан алған әсерімен бөлісіп, мұнда барша Қазақстан халқының еңбегі көрініс тапқанын, Елорда күні қарсаңында оның құрылысы мен халықаралық аренада қалыптасу тарихын білу қызықты екенін атап өтті. 

«Өркениет ордасы» фильмінің мазмұны қала туралы болғанымен, фильмде халқымыздың тұтас тарихы баяндалғандай əсер қалдырды. Ата-бабаларымыз әрқашан туған жерін қорғай алған, көшпенділер жері баршаға танымал, дегенмен Қазақстан әлемге Тəуелсіздік жылдары толық танылды. Бұл - Қазақстан халқының бірлігі, бұл - Елбасының бағыттауымен мақсаттар айналасында топтасу», - деп атап өтті Қызылорда облысы Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейдің мұғалімі Салтанат Орынтайқызы. 

«Тартылыс нүктесі» фильмі де қазақ экономикасының қозғаушы күшіне, ал жаһандық державалар үшін бейбіт келіссөздер үдерісінде маңызды серіктеске айналған Нұр-Сұлтан қаласының құрылуы мен нығаюы туралы баяндайды. Сонымен қатар, елорда - үміттердің, армандар мен мақсаттардың қаласы. Қызылорда облысынан келген Еркін Қуанышевтың сөзінше бұл қала - барша жас қазақстандықтар үшін тартылыс нүктесі. Келешегінен үміт күттіретін жас ұстаз өңірде тұрса да дамудың, оның ішінде педагогтардың дамуы үшін маңызды бағдарламалармен әрқашан хабардар болуға тырысады. 

        

«Біз жас ұстаздарымызды кəсіпкерлік белсенділігін арттыру курстарына жіберіп отырамыз. Курстар міндеті – олардың өзіндік қабілеттерін әртараптандыруға мүмкіндік беру, әл-ауқаттарын жақсарту үшін жаңа дарынды қырларын ашу. Өткен жылы жеке стартаптарын іске асыру үшін 10-нан астам адам грантқа ие болды. Мәселен, ағылшын тілінің мұғалімі Жанат 1 миллион теңге ұтып, күнделікті жұмысымен қатар жеке кәсібін ашты: ұлттық киімдер, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасайды», - деді Еркін Қуанышев.

Елбасы кітапханасында өткен кинокөрсетілімнің екі күнінде 400-ден астам адам фильмдерді тамашалады.