2019 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Назарбаев орталығы) Жастар жылына арналған «Астана жастары - Қазақстанның индустриалдық стратегиялық дамуында» атты қалалық жастар форумы өтеді. Іс-шара Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе өткізіледі.

Форум барысында елорда колледждерінің оқушылары еліміздің индустриалдық даму стратегиясын жүзеге асыруда жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған жобаларды таныстырады. Аталған оқиға Астана қалалсындағы барлық колледждерінің қосылуымен онлайн-көрсетіліммен сүйемелденеді. 

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына Астана қаласы студенттерінің Үндеуі қабылданатын болады.

 

Форумның өту уақыты: 09.00-13.00 сағ.

Өтетін орны: Елбасы кітапханасы (Назарбаев орталығы), Ә.Бөкейхан көшесі, 1