2019 жылғы 1 ақпан күні, 15-00 сағатта Елбасы кітапханасында Президентіміз жариялаған Жастар жылына арналған жас көшбасшылардың «Елжанды жастар  елінің намысы» атты кездесу кеші өтеді.

ТЕD форматында өтетін кездесуге  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты салтанатты жиынның қатысушылары, жалынды да жігерлі жастар қатысады. Олар: «KazSeed»  бас директоры Алмас Татишев, «Kusto Group» агродивизионның басқарушы директоры Ернұр Айдаркин, «Астана жастары» ресурстық орталығы еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова, «Business School Q4» негізін қалаушы Каумен Досан, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Назарбаев университетінің 3 курс студенті, джиу-джитсудан 2016 жылғы әлем чемпионы, «Әйелдер клубының» негізін қалаушы Мөлдір Мекембаева, Назарбаев Университетіне қарасты Инженерия мектебінің ғылыми қызметкері Жазира Беркінова, «Пифагор» қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов.

Іс-шараға елордадағы университеттер мен колледждердің студенттері шақырылды.