Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінде Тәуелсіздік Күні қарсаңында ерекше оқиға болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы «Халықаралық ынтымақтастық және достықты нығайту, елдегі мәдениет пен әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін» Жарлығы бойынша директордың орынбасары К.Ақтаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
      ҚР Мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммедтің бұйрығымен Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Нұржамал Алдиярқызы Шырымбаева мәдениеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Мәдениет қайраткері» атағын алды.
      ҚР Мәдениет министрінің бұйрығымен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды:
      Нағима Бөрібайқызы Есенова – Ақпараттық орталығының жетекші сарапшысы;
      Серік Қазкенұлы Сағымбаев - Музей құндылықтарын (қорларды сақтау) есепке алу және сақтау қызметінің аға сарапшысы.