Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасының еріктілері Астана қ. Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияда 15 ашық сабақ өткізді. Оқушылар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны туралы ақпарат алып, Елбасының балалық шағы мен оқушы кезіне қатысты деректерге қызыға үңілді. Еріктілер Нұрсұлтан Назарбаевтың спортқа құштарлығы, Теміртау қаласынан бастау алған еңбек жолы, т.б. жөнінде сөз қозғады. Дәріс барысында көпшілік назарына Мемлекет басшысы Жеке архивінің қорынан алынған құжаттар ұсынылды.

Елбасы кітапханасы Әлеуметтік-гуманитарлы және білім беру жобалары қызметінің ғылыми қызметкері, еріктілер жетекшісі Жазира Көзгімбаева басым жұмыстың мектептер мен колледждермен серіктестік құруға бағытталатынын белгілейді. Оқушылармен кездесу барысында еріктілер алдыңғы қатарлы мемлекеттердің Қазақстанды мойындауына түрткі болған Елбасы идеялары мен бастамаларының мәнін ашуға тырысады.

Еріктілер Мемлекет басшысының мұрасын, мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайтудағы тарихи рөлін дәріптеу көздейді. Мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Людмила Бекібаева мемлекет тарихынан сыр шерткен құнды сабақ үшін Елбасы кітапханасының басшылығына алғыс айтты.