Жаңа жыл алдындағы ескі жылдың соңғы күндері әсіресе балалар үшін қуаныш пен жағымды үміттерге толы. Ерекеше қайырымдылық акциясына көпбалалы отбасылардан шыққан жас өрендер қатысты. Балалар мерекелік шараға қатысып ғана қоймай, ерекше сыйлықтарға ие болды.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық партия ұйымы «Бірлік» филиалы мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының бастамасымен ұйымдастырылған мерекелік шара елордамыздағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өтті.

Балалардың мерекелік көңіл-күйін «Қазақстанның ғарыш жолы» шағын көрмесі одан сайын арттырды.  Балалар назарына отандық ғарышкер, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштері генерал-майоры Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» ғарыш  кемесінен қонған кездегі ғарыш парашюті бар капсула, сондай-ақ оның жеке ғарыш скафандры, KazEOSat-1 и KazEOSat-2 қашықтан қадағалау Жер серігі үлгісінің шынайы аңыздық экспонаттары ұсынылды.

Ғарышқа ұшу туралы толық ақпаратты атақтары жер жарған ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтерге арналған ақпараттық стендтерден оқуға болады.

«KinoKio» киноакадемиясының тәрбиеленушілері жас көрермендерге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Театрландырылған сахнада актерлер шағын ғарыш көрмесінің экспонаттарын, KazEoSat 1.2 қазақстандық ғарыш аппараттарының пайдалылығын, Айдын Айымбетовтың ғарыштық капсуласы мен скафандры туралы айтты. Сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының қызметі мен жалпы  ғарыш саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ал №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары «Байқоңыр» биімен балаларды ерекше шаттыққа бөледі.  

Елбасы кітапханасының сарапшысы, халықаралық конкурстардың лауреаты Дана Мырзаханова іс-шараға ұлттық реңк берді. Оның орындауындағы қазақ күйі қобыздың сиқырлы үні арқылы бүкіл залға тарап жатты.

«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Қараөткел», «Инженерлік орталық», «Экономика», «Денсаулық», «Қарлығаш», «Жаңа толқын» бастауыш партия ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Аэроғарыш комитетінің қолдауымен «Бірлік» филиалы қызметкерлері балаларға үшін жаңа жылдық сыйлықтар дайындапты.  Қаржылай көмек көпбалалы аналар Дана Тұрсынбаева мен Зибагүл Арыстанбекке берілді.

Жас жеткіншектер үшін есте қалар ерекше сыйлық деп ғарышкер Айдын Айымбетовтың қолтаңбасы қойылған  Астананың ғарыштан түсірілген суреттерді айтуға болады. Балаларды құттықтаған «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының вице-президенті Рашит Әбдіразақов жастарға ең ізгі армандарының орындалуын тіледі: «Болашақта ғарышқа ұшпағанның өзінде ғарыш саласында еңбек ету арқылы Отанымызға орасан зор пайда әкелуге болады. Дендерің сау болып, мақсатты болыңдар. Мақсаттарыңа жетіңдер, армандарың асқақ болсын. Әлем сіздерді қолдайды».