ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ, КЕДЕЙ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК, ИНТЕРНЕТТЕГІ ЦЕНЗУРА ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНДЕ

XI Габала халықаралық музыкалық фестивалі мәресіне жетті

5 тамыз күні Мәдениет министрлігі және «Гилан Холдинг» қолдауымен Гейдар Әлиев қоры ұйымдастырған XI Габала халықаралық музыкалық фестивалі мәресіне жетті. Тамаша дәстүрге айналған фестиваль бұл жолы да ауқымдылығымен музыка әлемінің назарын Габалаға бұрды. 31 шілдеде басталып, алты күнге созылған музыка мерекесіне Ресей, Израиль, АҚШ, Италия, Швейцария, Украина, Өзбекстан, Литва, Қытай және Түркиядан келген әлемге танымал дирижерлар, көрнекі сазгерлер, оркестрлер, сондай-ақ Әзірбайжанның танымал музыкалық ұжымдары қатысты.        

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4904/%D0%97%D0%B0%D0%B2%D0%B5%D1%80%D1

 

Гейдар Әлиев қоры Құрбан айт мейрамына орай кедей отбасыларға мерекелік сыйлықтар таратты

Құрбан айт мейрамына орай Әзірбайжан Республикасының Бірінші вице-президенті, Гейдар Әлиев қорының президенті Мехрибан Алиеваның бастамасымен кедей отбасыларға мерекелік сыйлықтар таратылды.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4905/%D0%A4%D0%BE%D0%BD%D0%B4-

 

Шемахыда I Әзірбайжан жүзім және шарап фестивалінің ашылу салтанаты өтті

30 тамыз күні Шемахы ауданының Мейсери ауылында I Әзірбайжан жүзім және шарап фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Фестивальді Гейдар Әлиев қорының қолдауымен Ауыл шаруашылығы министрлігі, Шемахы ауданының атқарушы билігі, «Аймақтық даму» қоғамдық бірлестігі, Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттік және Әзірбайжан ұлттық кілем музейі ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – жергілікті жүзім және шарап өндірісін көтермелеу, шарап өнімінің экспорттық әлеуетін арттыру, Әзірбайжандағы шарап өндірісінің тарихын қоғамдастыққа кеңінен жеткізу.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4915/%D0%92-%D0%A8%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%85%D0%B5-

 

Білім күніне орай. Оқушылар туралы және оқушыларға арналған кітаптардың бестігі

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасы елдегі жетекші кітапханалардың бірі ретінде ересектер аудиториясына есептелген, алайда кең көлемді топтамадан қолды-аяққа тұрмайтын балақайдың өзін қызықтыратын екі не одан да көп кітап табылады.   

Халықаралық білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылар туралы және оқушыларға арналған бес кітапты сіздерге ұсынамыз. Бұл кітаптар екі-үш кеш бойы балаңыздың ішін пыстырмауымен қатар сізге де ұмытылғанына біраз уақыт болған мектеп сыныптары мен дәліздеріне оралуға, балалық сезім мен эмоцияларға қайта берілуге, мектептегі достарыңызбен бірге бастарыңыздан өткен оқиғаларды еске алуға мүмкіндік береді.      

https://www.preslib.org.by/news/type1/ko-dnyu-znanii-pyaterka-knig-o-shkolnikah-i-dlya-shkolnikov

Макс Уэлч Гуэрра: «Екатеринбургте – Еуропадағы сәулет мұрасы»

Ельцин Орталығында «Кеңестік билік қалай құрылды» көрмеcі аясында Баухаус Веймар университетінің профессоры Макс Уэлч Гуэрраның дәрісі өтті.

Макс Уэлч Гуэрра - Баухаус Веймар университетінің профессоры, Баухаус тарих мектебінің жетекші сарапшысы, Баухаус институтының сәулет пен жоспарлау теориясы мен тарихы жөніндегі директоры, «урбанистика» бағыты бойынша магистрлік және бакалаврлық бағдарламаларды жүргізеді.   

Макс Уэлч Гуэрраның дәрісі Екатеринбургтың сәулет қауымдастығы үшін үлкен оғиға болды: білім беру орталығының залына студенттер, сәулет тарихшылары, қызметтегі сәулетшілер жиналды. Бос орындар болмады, көптеген адамдар дәрісті орындықтардың артқы қатарында тұрып тыңдады.

https://yeltsin.ru/news/maks-uelch-guerra

 

Буккроссинг: кітаптардың жаңа өмірі

Б.Н. Ельцин Президенттік орталығы Екатеринбург қоғамдық кеңістігінде «КЛЕВЕРБУК ашық кітапханасын» құруды қолдады. Шілде айында қаланың ең үлкен құмсалғышы мен Наина Ельцинаның атаулы орындығының жанында кітапқа толы келісті сырбаз шкаф пайда болды.

https://yeltsin.ru/news/podari-knige-novuyu-zhizn

 

Залина Маршенкулова: «Өзін тұлға ретінде сезінетін әйел - феминист»

28 шілде күні Ельцин Орталығында «Әйел билігі» телеграм-арна жүргізушісі, Breaking Mad сайтын құрушы, #нивкакиерамки науқанының қатысушысы Залина Маршенкулова сөз сөйледі. Ол аудиториямен феминизм туралы сөз қозғады.

https://yeltsin.ru/news/zalina-marshenkulova-lyubaya-zhenshina-kotoraya-schitaet-sebya-lichnostyu-eto-feministka

 

Музейдегі түн – түнгі Жапонияның фотокөрмесі

5 тамыз күні Ельцин Орталығының Дөңгелек залында «Жапония өнерінің аптасы» фестивалі аясында Мария Голомидованың «Жапониядағы түн» фотокөрмесі ашылды.   

https://yeltsin.ru/news/noch-v-muzee-fotovystavka-nochnoj-yaponii

 

Кирилл Мартынов — интернеттегі цензура және еркіндіктің болмауының белгілері туралы

Интернет шексіз еркіндіктің кеңістігі ретінде қарастырылған, алайда ол қазіргі уақытта солай ма? Жоғары экономика мектебінің доценті және «Новая газета» саяси бөлімінің редакторы Кирилл Мартынов өзінің 25 тамыз күні Ельцин Орталығының Медиазалында өткен дәрісінде осы сұрақтарға жауап беруге тырысты. Дәріс «Интернет және еркіндік» атты дәрістер топтамасы аясында өтті.

https://yeltsin.ru/news/kirill-martynov-mozhet-li-cenzura-v-internete-byt-opravdannoj

 

Теміржол инженер-генералы Павел Мельниковтің «Салтанат жолы»

215 жыл бұрын, 1804 жылғы 3 тамызда дарынды инженер, Ресей империясы Қатынас жолдары министрлігінің тұңғыш басшысы Павел Петрович Мельников дүниеге келді. Тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Теміржолшылар күні қарсаңында Президенттік кітапхана өз қорының бай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, теміржол ісінің көрнекі теорияшы және тәжірибелі адамы туралы айтады.

https://www.prlib.ru/news/1273476

Жетінші симфония – Ленинград құрсауының музыкалық нышаны

77 жыл бұрын, 1942 жылғы 9 тамызда, құрсаудағы Ленинградта алғаш рет  Дмитрий Дмитриевич Шостаковичтің (1906–1975) әйгілі Жетінші (Ленинградтық) симфониясы орындалды. ХХ ғасырдағы отандық мәдениеттің аса маңызды көркем шығармаларының бірі Ленинград құрсауының, қала қорғаушыларының табандылығы мен батылдығының музыкалық нышанына айналды. Президенттік кітапхананың электронды қоры симфонияның сандалған қолжазбалық партитурасын ұсынады, оның түпнұсқасы петербург радио Үйінің ноталық кітапханасында сақтаулы.

https://www.prlib.ru/news/1274487

И.М.Сеченовтың мерейтойына: Президенттік кітапхана танымал физиологтың өмірі және қызметімен таныстырады

2019 жылғы 13 тамызда физиологияны нақты ғылымға және клиникалық пәнге айналдырған табиғат зерттеушісі, орыс физиологиялық ғылыми мектебінің негізін қалаушы, ойшыл-рационалист Иван Михайлович Сеченовтың туғанына 190 жыл толады. Президенттік кітапхана орыс медицинасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан жаңашыл ғалымның ғылыми жолының негізгі межелерімен таныстырады.

https://www.prlib.ru/news/1274128

Н.М.Пржевальскийдің бағдарларымен

Президенттік кітапхананың «Н. М. Пржевальский және Орталық Азияның басқа да зерттеушілері» вебинарында оқырмандар мен ресей кітапханаларының қызметкерлеріне орыстың ұлы саяхатшыларының бірі туралы айтылды.

Николай Михайлович Пржевальскийдің (1839–1888) Орта Азия бойынша бағдарларының жалпы ұзындығы 31 мың шақырымнан астам екен! Зерттеуші экспедициясының қорытындысы 7,5 мыңдай экспонаттан тұратын бай зоологиялық топтама болды. Пржевальский жануарлардың бірнеше түрін ашты: жабайы түйе, шақылдақ торғайды жеуші аю (тибеттік қоңыр аю), кейін ғалымның атымен аталып кеткен жабайы жылқы және т.б.

https://www.prlib.ru/news/1276407

Курск шайқасы – кеңестік генералдар мен маршалдардың естеліктерінде

76 жыл бұрын, 1943 жылғы 23 тамызда Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың өте ауқымды және қантөгіс шайқастарының бірі – Курск иініндегі немесе Курс шайқасы аяқталды. Оған Президенттік кітапхананың порталындағы «Ұлы Жеңіс туралы естелік» электрондық топтамасының бірқатар материалдары арналған. Олардың қатарында ресми құжаттар, фото- және кинохроника, әскери кезеңдегі газеттер, кітаптар, оқиға қатысушыларының растамалары бар.

https://www.prlib.ru/news/1276090

Ұмытылмайтын Батырлар: 80 жыл бұрын екінші дүниежүзілік соғыс басталды

2019 жылғы 1 қыркүйекте адамазаттың жаңа тарихындағы алапат және қатал соғыс – Екінші дүниежүзіліктің басталғанына 80 жыл толады...

1939 жылы нацисттік блокқа кіретін елдер, Италия және Жапония Германияның басшылығымен басқа мемлекеттердің аумақтарына басып кірумен географиялық шекарадан өтіп қана қоймай, мыңдаған кінәсіз адамдарды жою арқылы моралдік шекараны да бұзды. Әскери оқиғалардың растамалары мен толық сипаттамаларын Президенттік кітапхананың электрондық қорынан табуға болады. Бұлар – сирек құжаттар, кітаптар, хаттар, аудио- және бейнежазбалар, фотосуреттердің көшірмелері.

https://www.prlib.ru/news/1276408

Линдон Б. Джонсон кітапханасы ұлттық галереядағы көрмені өткізу кезеңіне Д.Ривьераның «Сұр табақпен натюрморт» суретін береді

Остин, Техас – «austinchronicle.com» сайтының редакторы Роберт Фэйерс: «Вашингтондағы Ұлттық өнер галереясы Остинде өтетін өзінің музейлік экспозициясына  Диего Ривьераның «Естелік, Саясат, Орын» текше суреттерін қоса алады», - деді . Бұл - Линдон Б. Джонсон кітапханасы мен музейінің мемлекеттік басшылардан сыйлықтар топтамасында экспонаттардың кең шоғыры бар екенін білдіретін талассыз көрсеткіш: 1915 жылы майлы бояумен салынған «Сұр табақпен натюрморт» суреті Линдон Б. Джонсонның президенттігі кезеңінде Мексика Президенті Густав Диас Ордаз тарту еткен болатын.

http://artdaily.com/news/9619/LBJ-Library-Loans-Rivera-s-Gray-Bowl-to-National-Gallery#.XXCY8P57lzk

Линдон Б. Джонсон Президенттік кітапханасы сейсенбі күні Президент Л. Б. Джонсонның туған күнін атап өтеді

Сейсенбі күні Линдон Б. Джонсонның туғанына 111 жыл толады. Сол күні донорлық қан тапсыру ұйымдастырылып, мерекелік торт ұсынылады.

Линдон Б. Джонсон 1908 жылғы 27 тамызда дүниеге келді. Линдон Б. Джонсон кітапханасындағы мереке аясында өтетін іс-шараға кіру тегін, ас-шәй мен жеңіл тамақтар қарастырылған.

https://spectrumlocalnews.com/tx/san-antonio/news/2019/08/25/lbj-library-to-celebrate-president-johnson-s-111th-birthday

 

«Түстен әрі оқы» тамыз бағдарламасы: Канзастағы иммиграция

«Канзастағы иммиграция» – бұл Эйзенхауэрдің Президенттік кітапханасы мен музейінің «Түс уақытында оқы» атты кезекті бағдарламасының  атауы.

Іс-шара бейсенбіге жоспарланған. Бағдарлама кез келген келем деушіге тегін кіруді қарастырады, сондай-ақ келушілер үшін жеңіл ланч та бар. 

Канзас Мемлекеттік университетінің әлеуметтану профессоры Мэтью Сандэрсон дәріс оқиды. Онда жаңа тұрғындар көшіп келгенде қоғамда пайда болатын артықшылық пен сын-тегеуріндер туралы айтылады. Осылайша, кеңістігімізге жаңа мәдениеттер интеграциясының әлеуметтік үдерісіне талдау жүргізіледі.    

https://salinapost.com/2019/08/21/august-lunch-learn-immigration-in-kansas/

Оңтүстік Африканың Огильви ұйымы 6 рет қатарынан Лоэри Гран-Приіне ие болды

Оңтүстік Африкалық Огильви жыл сайын өтетін ірі өңірлік фестивалінің Лоэри Гран-При - 2019 сыйлығын алып, алтыншы рет жеңіске жетті. Огильви компаниясы кезекті рет аса жоғары марапатқа ие болды. Филипс және Нельсон Мандела Қорының қолдауымен өткен «Нельсон Манделаның құрметіне шаш қидыр» байқауы аясында марапатты Огильви Йоханнесбург иеленді. Бағдарлама Нельсон Манделаның мұрасын насихаттау үшін өткізілді. Оның жүз жылдық мерейтойы күні оның бірегей шаш үлгісіне байқау өтті. Бір мезгілде Нельсон Мандела Қорына қаражат жинау да ұйымдастырылды.  

https://www.bizcommunity.com/Article/196/614/195011.html

Обама Қоры алғашқы Президентін сайлады

Халықаралық экономика мәселелері, ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшінің бұрыңғы орынбасары және «Валли» Адевейл Ұлттық Экономикалық кеңесі директорының орынбасары Адейемо Чикагодағы Обама Қорының алғашқы Президенті болып сайланды.

Адейемо қордың ағымдық қызметін басқарып, ұйымның жалпы стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі. Соңғы жылдары Чикагодағы Обама Қорында жұмыс істейтін қызметкерлер саны он шақты адамнан 200 адамға дейін артып, қоғамға оң үлесін қосатын көшбасшылардың келесі буынын қолдауға арналған бірнеше бағдарламаны бастады.

https://www.thenonprofittimes.com/foundations/obama-foundation-select-first-president/#