«ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕР КӨРМЕСІ

2019 жылғы 10 қыркүйек күні, 15-00 сағ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -  Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11, оң жағалау) «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығына орай Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесе ұйымдастырылады.

Бағдарлама:

  • Дефиле –корей дәстүрлі киімдер топтамасының көрсетілімі;
  • Графикалық дизайнер Квак Гончжу мен сәнгер Ро Чжухён туындылары көрмесінің ашылуы.

Көрмеде 10-нан астам ханбок костюмі және «Ханджи» корей қағазына түсірілген 45-ке жуық заманауи графикалық шығармалар ұсынылатын болады, олар көрермендерді киім арқылы адамның тұлғалық бейнесі туралы ой жүгіртуге шақыратын авторлардың көркемдік түпкі ойын ашып көрсетеді.

«Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесі  2019 жылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін аккредиттеу міндетті.