ҚАПШАҒАЙДАН КЕЛГЕН ЖАС ӨРЕНДЕРГЕ САЯХАТ

Балалардың жазғы демалыс мезгілі – Елбасы кітапханасының саяхат бойынша мамандарының жұмысы қызатын уақыт. Шетелдік және отандық саяхатшылар елордамызға жан-жақтан ағылады. Нұр-Сұлтандағы басты көрнекі және қызықты мәдени ғимараттардың қатарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы да кіреді. Назарбаев орталығына келген үлкендерден бастап балаларға дейін Қазақстанның тәуелсіздік тарихы туралы толық ақпарат алып, бірегей жәдігерлерді, оның ішінде шет ел мемлекеттері басшылары тарапынан Н.Ә.Назарбаевқа берілген жоғары мемлекеттік наградалар мен бағалы сыйлықтарды тамашалап, тұрақты және уақытша көрмелермен таныса алады.

Тамыз айының басында мұнда Алматы облысы Қапшағай қаласынан келген әлеуметтік қамқорлық үйі жеткіншектері болды. Поляк дін қызметшісі Артур Зарась осы үйге қамқорлық жасайды екен. Қапшағай католик шіркеуі приходының басшысы А.Зарасьтің сөзінше, ол Қазақстанға осыдан алты жыл бұрын елордадағы әулие Мария римдік-католиктік архиепархиясының архиепископы-митрополиті Томаш Пэтаның шақыруымен келген.

- Қамқорлық үйіміздің тәрбиеленушілері белгілі бір жағдайлармен ата-аналары тәрбиелеп, асырай алмаған жеткіншектер. Олар қамқорлық үйінде өмір сүрумен қатар, мектептен тыс уақытта жанына жақын іспен шұғылдану мақсатында өнер мектебіне барады: бимен, музыкамен айналысады, театрға барып, сурет салады. Жыл сайын балалармен Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып, еліміздің сұлу жерлерімен танысамыз, Отанын сүюге баулимыз. Алты жылдың ішінде Қазақстанды түгелге дерлік араладық, ірі қалалардың барлығында болдық. Елордаға жыл сайын келеміз, қаланың көрнекі жерлерінің барлығында болуға тырысамыз. Биыл алғаш рет Назарбаев орталығында келдік, мұнда қызмет көрсетудің тегін болуы қуантады. Бұл ғимарат біздерге қатты ұнады. Гид-саяхат жетекшісі бізді жылы қарсы алып, ізгі ниетпен барлық көрме жәдігерлерімен таныстырып, әңгімелеп берді. Қазіргі уақытта осы ғимаратта Елбасының қызмет ететіндігін білдік, - деді дін қызметкері. Сондай-ақ, ол Қазақстанға бауыр басып қалғанын, алдағы уақытта да осында өмір сүріп, еңбек етуді қалайтынын айтты.

Саяхаттан алған әсерлерімен балалар да бөлісті.

11 жасар Саша Гудков алтыншы сыныпта оқиды, балл-спорт биімен айналысады және 14 алтын медальдің иегері:

- Мен Елбасы кітапханасына алғаш рет келдім. Мұнда өте ғажап әрі қызық. Спортшы болғандықтан маған бәрінен де қазақстандық спортшыларымыздың жеке заттары мен марапаттары қойылған экспозициялар ұнады. Сонымен қатар, саяхат жетекшісі де ұнады. Ол бізге Тұңғыш Президентіміз туралы өте қызықты баяндап берді!

9 сынып оқушысы Дарья Ясинская:

- Маған Назарбаев орталығы қатты ұнады. Маған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа өзге мемлекет басшыларының берген марапаттары үлкен әсер қалдырды. Еліміз бен Елбасымыздың шетелде танымалдығын мақтан тұтамын. Маған Нұрсұлтан Әбішұлының жазған кітаптары мен оған сыйға тартылған құнды кітаптар орналасқан Елбасы кітапханасы да ұнады.