Елбасы кітапханасы музейінің Қауіпсіздік Кеңесіне арналған залында № 83 мектеп-гимназиясы оқушылары қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған «Батырлар институты: дәстүр, мәртебе мен қару-жарақ» экскурсия дәрісі өтті. Резиденция кезінде мұнда Жоғарғы бас қолбасшы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары өткен болатын. Бұл залда Елбасының Кедендік одақты құру жөнінде талқылаулары да өтті. Дәл осы залда Қазақстан Президентінің НАТО Бас хатшысы Дж. Робертсонмен кездесуі де өткені есте. Сондай-ақ, осы тарихи залда мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғанысына қатысты мәселелер талқыланды.

Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары Қызметінің ғылыми қызметкері Саягүл Жакыпова «бес қару» аталатын қаруды сыйлау дәстүрі туралы егжей-тегжейлі айтып берді:

– Батырдың қаруы «бес қарудан» құралды. Батыр қылыш, жебе, найза, айбалта мен шоқпар сияқты қаруды меңгеруге тиіс болды.

Оқушылар ер балаларды ерте жастан әскери іске дайындау дәстүрімен танысты.

Дәріс түріндегі экскурсияның практикалық бөлігінде дәріскер тактильді әдістерді қолданды. Сол арқылы балалар 17–18 ғасырларда жасалған бірегей экспонаттарды ұстап көрді.

Оқушылар дәріс кезінде туындаған сұрақтар мен тапсырмаларды белсенді талқылады. 

Ирина Нуцынбаева, № 83 МГ 7 сынып оқушысы:

– Елбасы Кітапханасының Музейіне бірінші рет келіп отырмын. Дәрістер мен экспозициядан зор әсер алдым. Елбасының мемлекет басшыларымен кездесіп, ел тағдыры үшін аса маңызды шешімдер қабылдаған ғимарат ішінде арнайы дәріске қатыстық. Біз қазақ қару-жарағының тарихы туралы көп мәлімет алып, бабаларымыз пайдаланған қылышты өз қолымызбен ұстап көрдік.

Дариға Бүркітбаева, ученица 7 класса ШГ № 83 :

– Музейдің барлық экспонатынан зор әсер алдық. Әсіресе, қару-жарақ жинақтамасы ерекше ұнады. Дәріскердің қазақ қаруының тарихы туралы айтқаны ұнады. Қазақтың біз біле бермейтін тарихынан көптеген мәлімет алдық. Отан қорғаушы күні қарсаңындағы дәріс танымымызды арттырып, білім көкжиегімізді кеңейтті.