ҚАЙРАТ АБДРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТҚА АЙНАЛДЫ»

Жуырда Назарбаев орталығында «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының   Қазақстандағы 20 жылы: ынтымақтастық және жетістіктер» халықаралық конференциясы өтті.  Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен өткен маңызды шараны ұйымдастырушылар қатарында болды. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы ынетымақтастық туралы және  конференция жұмысының барысы туралы арнайы сұхбат берді.

– 20 жыл аясындағы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастыққа қандай баға берер едіңіз?

– Біздің еліміз соңғы 20 жылдың ішінде ЕҚЫҰ арасындағы әріптестігін нығайтып, зор нәтижеге жетіп отыр. Бұл тараптағы Қазақстанның ең үлкен табысы – еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Елбасының төрағалығымен өткен ЕҚЫҰ-ның XXI ғасырдағы тұңғыш саммиті. Келесі бір зор нәтиже ұйымның аясында 1000-нан аса шара атқарылған болатын. Олар Қазақстанның саяси-әлеуметтік, гуманитарлық бағыттағы салаларды қамтыды. Біздің стратегиялық құжаттар – «Қазақстан-2050», экономикамызды модернизациялау бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сияқты бастамаларымызға да ЕҚЫҰ қосып отырған үлесі зор. Елбасының кезекті жолдауында мемлекет басшысы үкіметке, оның ішінде сыртқы істер министрлігіне бірқатар маңызды мәселені төтесінен қойып отыр. Ол көлік, логистика, инфрақұрылым, сонымен туризм мәселелері бүгінде күн тәртібінде. Полицияны реформалау, жемқорлықпен күрес сияқты мәселелеріне де осы жолы ерекше мән берілді. Осы салалардың қай қайсында болмасын ЕҚЫҰ тәжірибесі өте мол. Өйткені, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 мемлекетпен тығыз қатынаста, әрі олардың экпорттық әлеуеті өте жоғары. Бүгінде біз де өз тарапымызда ЕҚЫҰ алаңын пайдаланып, өз әлеуетімізді көрсетуге, табысты әріптестік бағытында жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Осындай жұмыстарымызды көрген ЕҚЫҰ сарапшылары да Қазақстанды қатысушы мемлекеттер арасында беделі зор ел ретінде бағалап отыр.           

– Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығына 20 жыл» конференциясына қандай үміт артасыз?

– Мұндай Үкімет пен Парламент өкілдері ғана емес, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Олар бүгін белсене қатысып жатқанын байқап отырмыз. Осындай өзара тәжірибе-пікір алмасу аясында да осындай жоғары нәтижелерге қол жетіп отыр. Халықарлық аренада оны мойындап жатыр. Атап айтар болсақ, институцияландыру аясындағы заң басымдылығы бағытындағы реформалар өте маңызды. Конференцияға қатысқан азаматтар осыған мол үлесін қосқан болатын. Олардың әрқайсы ЕҚЫҰ көп жыл жұмыс атқарған азаматтар. Тіпті, ЕҚЫҰЕ бас хатшысының конференцияға қатысып,  еліміздің осы ұйымдағы қызметіне жоғары баға бергені біздің екеуара тиімді әріптестігіміздің табысты нәтижесі.

– Елбасы кітапханасынан қандай әсер алдыңыз?

– Өзім қанша жерден тәжірибелі болсам да, әр келген сайын кітапхананы жаңа қырынан танып келемін. Жалпы айтқанда, Елбасы кітапханасы мен қоры бүгінде маңызды қоғамдық институтқа айналып отыр. Бүгін мәселен ядролық қарусыздануға қатысты көрмені аралап көрдім. Ол тек өскелең ұрпақ, студенттерге ғана емес, дипломаттардың өзіне де танымдық тұрғыда пайдасы зор. Бұл тарихи оқиғаның барлығы күні кеше ғана көз алдымыздан өткен сияқты. Мұнда түрлі құнды құжаттар, бейнефильмдер бар. Соның барлығының әлбетте таным көкжиегін арттыруға себі мол. Тағы бір маңыздысы, Елбасының түрлі саяси форумдарда сөйлеген сөзі, бастамаларының түрлі фрагменттері жәй көрермендерге ғана емес, архив мамандарына өте пайдалы деп білемін. Өзім тарихшымын. Сол себептен де осындай құнды жәдігерлерге ықыласым ерекше. Кітапхананың осындай жетістіктерімен тек қана құттықтауға болады. Осында келген дипломатиялық корпус өкілдері, сарапшылар түрлі мәліметке қанығып, зор әсер алды.            

   

Сұхбаттасқан Қанат Әуесбай