ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұжымы Нұр Отан партиясының «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясы аясында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыға атаулы көмек көрсетті.

   

Елбасы кітапханасының ұжымы 2015 жылдан бері ата-анасынан айырылған мектеп жасындағы зейнеткер Рыскүл Өтегенованың үш немересіне жеке қаражаттарының есебінен көмек көрсетіп келеді.

Биылғы жылы да балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар пен қыстық киім-кешек сатып алынды.

Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға қамқорлық таныту ертеден келе жатқан дәстүр екенін айта келе, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы әрбір қазақстандыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Балаларға шынайы ақ тілегін білдіре отырып, болашақта өз орнын табу үшін жақсы оқу керектігін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта да әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар Елбасы кітапханасында кешенді түрде жүргізілетінін атап өтті.