ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН БАСТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

6 ақпан күні, 15-00 сағатта Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған мына кітаптардың тұсаукесері өтеді:

  • «Н.Назарбаев: көшбасшылық стратегиясы»;
  • Елбасы замандастары естеліктері. «Біз білетін Елбасы»;

- «Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы»;

  • Ядролық қарусыз әлемге бетбұрыс: Елбасы бастамалары;
  • «Мәңгілік ел» идеясы: кеше, бүгін, ертең» ұжымдық монографиясы.

Тұсаукесерге мақалалар мен естеліктердің авторлары, ел тәуелсіздігінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан мемлекет қайраткерлері қатысады. Олардың қатарында Қазақстанның алғашқы Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері Қабидолла Сәрекенов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович бар. Сонымен қатар, басқа да қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, оқытушылар және жастар қатысады.