2017 жылдың 28 қарашасында Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған «Тарихи таңдау. Мемлекеттілік негізі» атты қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме аталмыш ғылыми-экспозициялық жобаны жалғастырады. Жыл сайын осы жоба аясында еліміздің жаңа саяси тарихының жаңа қырлары ашылады, әрбір көрме белгілі тақырыпқа сай ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады.

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева көрмені ашқан алғы сөзінде:

– 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – жаңа мемлекеттік мереке болып жарияланды. Елбасы кітапханасы – тәуелсіздік тарихының ең маңызды оқиғаларын айшықтайтын барлық құжаттардың түпнұсқасы сақталған жалғыз мекеме. Әрине, Елбасы кітапханасының негізгі міндеті – тарих игілігіне айналған материалдарды сақтау және оларды насихаттау. 2012 жылдан бастап, жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі дәрежесінде «Тарихи таңдау» жобасы аясында үнемі жаңа тақырыптарды айқындап келдік. Мысалы, «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Жасампаздық» және т.б. Біз 1991 жылдың 1 желтоқсаны жаңа тарихи кезеңнің басталуы екенін жақсы білеміз. Сондықтан да жыл сайын маңызды тақырыпта жеке көрме ашылады. Осы жыл ширек ғасырлық мерейтойларға толы. Көрме кешенді мұрағат, кітап материалдарын, мерейтойлық мерекелерді айшықтайтын заттық жәдігерлер, бейнематериалдар қатарымен толыққан.

Биылғы 2017 жыл Қазақстан тарихында көптеген елеулі оқиғалармен есте қалды, олардың ішіндегі ең ауқымдысы – «Болашақтың энергиясы» атауымен ұйымдастырылған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі болды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қазақстандық заманауи мемлекеттіліктің негізін қалаған – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы, мемлекеттік нышандардың қабылдануының 25 жылдығы, БҰҰ-на және ЕҚЫҰ-на қабылдануымыздың 25 жылдығына, АӨСШК құру бастамасының 25 жылдығына (ұйымның бірінші саммиті өткеніне 15 жыл), ҰҚШҰ-на 25 жыл, алғашқы ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму стратегиясына 20 жыл. Осы оқиғалардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және еліміздің жаңа саяси тарихының бір дәуірі – біртұтас «Назарбаев моделін» құрайды.

Екі бөлімнен тұратын «Тарихи таңдау. Мемлекеттілік негізі» көрмесі осы айтулы мерейтойлы жылдарды айшықтайды және екі бөлімнен тұрады:

Мұрағат, кітап және музей материалдары «Назарбаев орталығының» үшінші қабатында, сегіз тақырыптық тараумен ұсынылады: «1 желтоқсан 1991 жыл – Қазақстан Республикасының Президентін алғашқы бүкілхалықтық сайлауы»; «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері»; Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері»; «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму стратегиясы»; «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы»; «Қазақстан ЕҚЫҰ құрамында»; «Қазақстан БҰҰ құрамында»; «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес».

Екінші қабатта – екі тақырыптық бөлім: «Қару-жарақ коллекциясы»; «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі».

Бұл бөлімнің экспозициясы – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жетістікке толы жасампаз қызметінің айрықша белгісі, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықтағы жоғары халықаралық беделінің дәлелі.

Жалпы алғанда, көрмеде ұсынылған материалдар 1991 жылдың 1 желтоқсанында, Қазақстан Көшбасшысы мен оның халқы тарихи таңдау арқылы мемлекеттілігіміздің қалыптасуындағы еліміздің маңызды жетістіктерін көруге мүмкіндік береді.

«Тарихи таңдау. Мемлекеттілік негізі» көрмесі 2018 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.