«ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Пандемияға байланысты жыл сайынғы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» Халықаралық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі журналистердің өтініші бойынша 2020 жылдың 10 қарашасына (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, барлық материалдар  presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  электронды поштасы арқылы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).

Баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының ұйымдастырушылары Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы. Конкурстың мақсаты – қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату, халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету, баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

1. «Үздік телевизиялық материал»;

2. «Үздік радиоматериал»;

3. «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4. «Ғаламтордағы үздік жарияланым»;

5. «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға  ақшалай жүлде, диплом және төс белгі тапсырылады.

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Байқауға 2019 жылғы 10 қазан мен 2020 жылғы 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа да тілдердегі бірегей авторлық материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады. Конкурс шарттары туралы толық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www://fnn.kz сайттарда танысуға болады.

 

Конкурс ережесі