Елбасы кітапханасында доктор Михай Фрешли бастаған Венгрия халықаралық зерттеу тобының өкілдерімен кездесу өтті. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында екі елдің ғалымдары өзара ғылыми жемісті қарым-қатынас орнатқан. Бұл жолы сарапшылар одан әрі жұмыс істеу үшін өзекті бағыттарды талқылады.

Басты назар Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына, сондай-ақ осы басылымдағы Мемлекет басшысының қойған міндеттерін жүзеге асыруға аударылды.

Кездесу қатысушылары – венгриялық қонақтар Михай Фрешли, Моника Кондола, Марк Кароли және кітапхана қызметкерлері екі елдің жылқыны баптау, топонимика және лингвистикалық  туыстығы жағынан да ұқсас әрі тарихи-мәдени тамырлас екендігін айтып, ортақ пікірге келді.

Кездесу соңында екі жақтың ғалымдары «Ұлы дала: кеңістік және уақыт» (The Great Steppe: space and time) ғылыми-білім беру жобасы аясында ынтымақтастықты дамытудың жоспарын ұсынды. Бұл жоба бойынша жүргізілген  зерттеулер Елбасы кітапханасының оқу-әдістемелік семинарларында пайдаланылуы мүмкін.