ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Елбасы кітапханасының музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Елбасы кітапханасының, елордалық Білім басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобалық кеңсесінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының бірлескен жобасына арналған.

      

«Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» жобасы 2020 жылғы 15 мамырға дейін жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең аясында түрлі іс-шаралар топтамасын қамтитын жоспар әзірленді: экскурсиялар, музейлік сабақтар, әдеби пікірлесулер, шеберлік сыныптары, конкурстар, конференциялар, фестивальдар, сайыстар, кездесулер және т.б. Сондай-ақ, қатысушылардың негізгі құрамы анықталды – елордалық мектеп оқушылары, ЖОО студенттері, ТМД-ның ғылыми және музейлік қоғамдастықтарының өкілдері, ҰОС-ның ардагерлері, елорда тұрғындары мен қонақтары.

Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова:

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың басты шарттарының бірі патриотизмнің іргелі негізі болып табылатын өзіндік ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау екендігін атап өткен болатын.

«Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» жобасының Музей ғимаратында басталуында символдық мән бар. Өйткені, осында саяси тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдени мұрасын сақтау тұрғысынан да маңызды шешімдер қабылданып, құжаттар бекітілді. Елбасы кітапханасында көп жылдар бойы «Мәдени мұра» жобасы бойынша элективті курс өткізіліп келеді.

- Бүгін басталғалы отырған жобаның негізі мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде руханиятты жасақтау үшін Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға қолдау көрсету», - деді Ботагөз Мұттахиденқызы.

«Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобалық кеңсесінің директоры Үкібай Нұрпейісов өз сөзінде елордалық мектептердің дайындық кезеңінде түрлі жобалар бойынша біріктірілгенін атап өтті:

- Білім беру ұйымдары бес мектептен бірігіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірлеген жеке жобаларын ұсынады. Бүгін біз «Қазақстанның мәдени мұрасына әлемге саяхат» атты өзіндік ерекшелігі бар клубты ашып отырмыз. Мен тәлімгерлерге елорданың киелі жерлері бойынша экскурсия жүргізуге уәде беремін. Жыл соңына дейін оқушылар өз қалаулары бойынша түрлі үйірмелерге бірігеді деп жоспарлаудамыз.

Нұр-Сұлтан қаласындағы №18 мектеп-лицейінің директоры Бақыт Қадырова аталған жоба міндетті түрде қоғамдық резонанс тудырады деп есептейді:

- Жоба аясында бір жыл бойы республиканың қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі мынадай маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар өтеді: Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Қазақ хандығының 555 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және басқалары. Біз ұзақ жылдар бойы бірлесе әріптестік орнатып келе жатқан Елбасы кітапханасы тарапынан тығыз ынтымақтастық пен қолдауға сенім артамыз. Жоба қорытындысы 2020 жылғы 15 мамырда шығарылады. Біз тек дипломдармен шектелмей, түрлі номинациялар мен бағалы сыйлықтарды қарастырамыз.

Іс-шара қатысушыларына №21, 15, 18 орта мектептерінің оқушылары дайындаған концерттік қойылымдар, сондай-ақ, №18 мектеп-лицейі кадеттік сыныбының дефилесі ұсынылды.