ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ «АСТАНА ОПЕРА» МЕМЛЕКЕТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНА БАРДЫ

  

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады.

Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту ресми түрде басталды.

Мерекелік концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.

 

 Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды Elbasy.kz