ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВОЛОНТЕР САҒАТЫ

28 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар аптасында елордадағы № 57 және №13 мектептерде әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметтері мен Елбасы кітапханасының волонтерлары волонтер сағатын ұйымдастырды.

Волонтер сағаты аясында оқушыларға Қазақстан егемендік алу тарихы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі тұрғысында баяндалды. Оқушылар Елбасының балалық шағы мен мектепте оқыған кездері туралы қызықты мәліметтер алып, оның спорттағы қызығушылығы мен қоғамдық өмірдегі жетістіктері туралы білді. Елбасының Қазақстанның жаңа астанасын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Астананы құрудың жарқын беттеріне дәлел ретінде оқушыларға іс-шара барысында деректі фильм көрсетілді. Сабақтың практикалық бөлігінде астанамыздың басты көрікті жерлеріне қатысты викториналық сұрақтар қойылды.

  

Елбасы кітапханасының волонтерлары балаларды волонтер қозғалысының мақсаттарымен таныстырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Волонтерлер жылы» деп жариялаған 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шараларымен таныстырды.

Волонтер сағаты оқушыларға ерекше әсер сыйлап, мектеп мұғалімдері де іс-шараны жоғары бағалады.

Әсел Қуанышева, №13 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі:

Сабақтың оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Мұрағаттық фотосуреттер мен бейнежазбаларға сүйене отырып, Елбасының арманына қалай қадам басқанын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті болғанын көре аламыз. Біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуында Нұрсұлтан Әбішұлының қандай орасан зор еңбек сіңіргенін оқушыларға көрсету маңызды. Елбасының ерекше еңбексүйгіштігі өте жақсы атап көрсетілген. Елбасы кітапханасының волонтерлары бұл шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Олар балалар аудиториясына жол тауып, оқушылардың назарын өздеріне аудара алды.

   Алдияр Қойгелді, №13 орта мектептің 5 сынып оқушысы:

  •     Сабақ өте керемет өтті. Бізге Тұңғыш Президенттің өмірбаяны туралы көп нәрсе айтылды. Мен үшін Елбасының спорттағы жетістігі мен бала кезіндегі жетістіктерін білу өте қызық болды.