«ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАРЫ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ

2019 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» Жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева, Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Ғазиз Телебаев, университеттің институт басшылары мен білім алушылары қатысты.Іс-шара Елбасы кітапханасының көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында түсірілген «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» атты деректі фильмнің көрсетілімінен басталды. Фильм әлемді ядролық қарудан азат ету қозғалысына Елбасының қосқан үлесі мен еліміздің жаһандық бастамаларынан сыр шертеді. Оның аясында ядролық қарудың күллі әлемге тигізуі ықтимал жойқын салдары көрсетіліп, мәселені шешуде Қазақстан мен Жапонияның атқарған еңбегі баяндалды. Туынды бүгінгі буынға қос халықтың қасіретін көрсетуді көздеп, Хиросима, Нагасаки қалаларында болған бомба жарылыстары мен Семей ядролық полигонының қырық жылдық сынақтарын бейнелейді.

 

  

ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихтағы ізіне

Студенттер алдында депутат Динар Нөкетаева мен профессор Ғазиз Телебаев ашық дәрістер оқыды.

Динар Нөкетаева Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығын, Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлін, оның әлемдік саясаттағы беделін атап өтті.

Ғазиз Телебаев тыңдаушыларды Елбасы кітапханасының қызметімен таныстырып, оның қорында жиналған материалдар туралы әңгімеледі.

Дәріскерлер Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихындағы Н.Ә. Назарбаевтың рөліне қатысты өз ойларын айтты. Студенттермен орнатқан сұхбат барысында олар сауалдарға жауап беріп, жастардың ел болашағындағы рөлін белгіледі.