«КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

2019 жылғы 21 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Алматы қаласының әкімдігі.

Конференция тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды атаулы күн қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметте болуының 30 жылдығына арналып өткізіледі. 1989 жылғы 22 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, Қазақстанды 30 жыл тұрақты басқарды.

Іс-шараның мақсаты: Конференция қоғамның тұрақты дамуындағы, еліміздің экономикалық және әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы Елбасының қызметі мен бастамаларының және оның барша әлемде жаһандық қауіпсіздік пен сенім ахуалын жасақтаудағы күш-жігерінің рөлі мен маңыздылығын зерделеуді; Елбасының саяси көшбасшылық феноменін, тұлғаның тарихтағы рөлін одан әрі зерттеуді көздейді.

Көптеген отандық, шетелдік сарапшылар мен талдаушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте тәжірибесі, стратегиялық көзқарасы мен саяси түйсігі жағынан ешкім тең келмейтін саясаткер екендігін; шығармашылық ойлау дарыны, өзінің озық идеяларын тудыруға және оны өміршең ету бірегей қабілеті бар мықты лидер екендігін мойындайды.

Конференцияда саяси көшбасшылық феноменіне байланысты саяси, тарихи, экономикалық, құқықтық және басқа да аспектілер келесі бағыттар бойынша қаралады:

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан қалыптасуына қосқан үлесі;
  2. Елбасының тарихи миссиясы;
  3. Елбасының жаһандық және аймақтық бастамалары;
  4. Саяси көшбасшылық феномені: тарих, ерекшеліктері, өзгешелігі.

Конференция жұмысына белгілі шетелдік, отандық мемлекет және қоғам қайраткерлері, зерттеушілер, сарапшылар қатысады.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры

Алматы қаласының әкімдігі