КІШКЕНТАЙ ПАТРИОТТАРҒА АРНАЛҒАН ТАРИХИ САБАҚТАР

         2019 жылы 27 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндікке орай № 11 «Гаухар» балабақшасының тәрбиеленушілеріне  «Жәдігерлер сөйлейді...» топтамасынан «Менің шежірем – елімнің шежіресінің бөлшегі» көшпелі музей сабағы өтті.

  

Дәстүрлі сабақ «Жол көрсеткіш – әліппе» түрінде Елбасы кітапханасының музей залдарында өтті. Елбасы кітапханасының қызметкерлері құрастырған «Жол көрсеткіш – әліппе» квест топтамасы музей экспозициясын жаңаша көруге, оның ғылыми мазмұнымен танысуға көмектеседі. Ең кішкентей «келушілерге» арналған тапсырмалар олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандықтан, музейді виртуалды аралау балалар үшін шағын сапарға айналды. Жас өрендер шығармашылық тапсырмаларды орындап, музей жәдігерлерін біліп, ойжұмбақтарды қуана шешті. Инновациялық тәсілмен музей сабақтарын жүргізу балалардың дүниетанымын кеңейтуге, білімін, тәрбиесін арттыруға, әсемдікке үйретуге, отансүйгіштік сезімін дамытуға ықпал етеді.

Сабақ барысында Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің қызметкерлері тыңдаушылардың назарына қазақтың дәстүрлі қару түрі – бес қаруды ұсынды. Сабақта жекпе-жекке шығу кезінде ақсақалдардың батырларға бата беру дәстүрі көрсетілген сахналандырылған элементтер көрсетілді. Ойын тапсырмалары, топтық жұмыстар арқылы балалар «Б» әрпімен таныстығын бекітіп, батырлар мен олардың қаруы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

Балалар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихын зейін қойып тыңдап, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, оның шежіресі мен Қарасай батырдың әскери ерліктері туралы білді. Топтық жұмыс барысында елдің әскери тарихына, балалар қару-жараққа деген көзқарастарын білдіріп, үнемі қызықты диалогқа белсенді түрде қатысып отырды.

Ерекше форматта өткен сабақ балалармен қоса тәрбиешілерінің де қызығушылығын оятты.

Анар Исламова, № 11 «Гаухар» балбақшасының әдіскері:

– Әдістемелік жағынан бұл сабақты жоғары бағалаймын. Елбасы кітапханасының қызметкерлері инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы тарихты терең білетіндіктерін және шешендік өнерге де бай екендіктерін көрсете білді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу қаншалықты қызықты болса, соншалықты қиын. Тақырыбының жүгі ауыр осындай шараны ақпараттық-мазмұндық құрылымымен ұйымдастыру үшін де өз ісінің маманы болу керек.

Елена Литвиненко, № 11 «Гаухар» балабақшасының тәрбиешісі:

– Елдің тарихын осылай қызықты, танымды, креативті, жеткізу арқылы балалар бойына патриоттық сезімді қалыптастыруға болады. Біздің балаларға қуаныш сыйлаған осындай мазмұнды және танымдық іс-шара үшін Елбасы кітапханасының басшылығы мен ұжымына алғысымды білдіремін.

Арлан Мұхамедқали, 5 жаста:

– Мен біздің ұлы батырларымыздай болып Отанымызды қорғағым келеді. Бұл сабаққа мен тақпақ дайындадым, біз «Шуақты Нұр-Сұлтан» атты ән айттық. Мен өз қаламды сүйемін!