«КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ...» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түрік академиясы және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен  Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» онлайн халықаралық шығармашылық байқауын жариялайды.  

Байқаудың мақсаты – жас таланттардың шығармашылық белсенділігін қолдау және жандандыру, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәндерге деген қызығушылығын арттыру.

Байқауға (бір мекемеден екі вокалдық ұжымнан артық емес) 12 жастан 14 жасқа дейінгі және 15 жастан 17 жасқа дейінгі екі жас санатындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен вокалдық ұжымдық топтары (соло, дуэт, трио) қатыса алады.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың авторлық әндерін орындау);

  • «Елбасының сүйікті әндері толқынында» (Н.Ә. Назарбаевтың  сүйікті әндерін орындау);

– «Қасиетті домбыра» (Елбасының сүйікті әндері мен авторлық шығармаларын домбыраның сүйемелдеуімен орындау);

– «Әсем әнім сырнайдай ...» (қазақ халқының музыкалық мұрасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қазақ тіліндегі сүйікті әндерін насихаттау).

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Репертуар жоба тақырыбына сәйкес келуі тиіс, орындаушылардың сипаты мен бейнесі (фон, орындаушылық деңгейі (дауыс тазалығы), дыбыс сапасы, бейне эстетикасы сәйкес болуы керек.

Шығарма жанды дауыста орындалады. Қатысу үшін ұзақтығы 4 минуттан аспайтын МР4 форматындағы бейнежазбаны ұсыну қажет.

Өтінім білім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен расталуы тиіс.

Өтінім мен байқау бейнематериалдары 2020 жылдың  8 қазан мен 19 қазан аралығында saya_zhakupova@mail.ru және dvorecutemisova@mail.ru электронды пошталары арқылы қабылданады.

Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың 1 желтоқсанында шығарылады.

Белгілі әншілер, композиторлар мен педагогтар кіретін қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша:

  • Бас жүлде –  Құрмет дипломы;
  • 1 орын – Құрмет дипломы;
  • 2 орын – Құрмет дипломы;
  • 3 орын – Құрмет дипломы.

Сонымен қатар байқау жеңімпаздары әр номинация бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың мекенжайлары мен байланыс телефондары

Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к., 1а, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ,  тел.: 8 (7172) 69 30 64; +7 702 230 91 66, e-mail: saya_zhakupova@mail.ru. Үйлестіруші: Жақыпова Саягүл Құрбанқызы.

Нұр-Сұлтан қ., М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Ә. Мәмбетов к., 1. тел.: 8 (7172) 32 49 28; +7 701 999 50 14, e-mail: dvorecutemisova@mail.ru. Үйлестіруші: Джапарова Алмагуль Борисовна.

Байқау туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылардың сайтында жарияланады: www.presidentlibrary.kz., www.fpprk.kz , www.dvor.kz