Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер ешқашан ұмытылмайды, аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерліктері жадымызда жаңғырып, жүрегімізден мәңгілік орын алған. Бұл мереке – қайтпас қайсарлықтың, батырлықтың және туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдықтың нышаны.

Осындай ғажайып мереке күні сіздерге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, ашық аспан, Отанның игілігі үшін биік жетістіктер тілейміз!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасы кітапханасының ұжымы