Үстіміздегі жылдың 15 наурызында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің қатысушылары – Атырау және Жамбыл облысының оқушылары үшін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекарыстан Аманжоловпен кездесу ұйымдастырылды.

Елбасы кітапханасы семинар-тренингтің тыңдаушылары үшін танымал ғалымдар, қоғам және саяси қайраткерлер, жас лидерлермен оқудың соңғы күнінде апта сайын кездесу өткізеді. Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Назарбаев орталығында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» жаңа бағдарламасы бойынша екі күндік оқудан өткен студенттер және оқушылармен кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Анатолий Башмаков, «Қазақстанның жаңа 100 есімі» жобасы «Бизнес» номинациясының жеңімпазы, кәсіпкер және қоғам қайраткері Анатолий Добровольский, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі Данияр Сүндетбаев келді.

Бекарыстан Аманжолов еңбек жолын 2013 жылы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінде ұйымдастыруды жоспарлау бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2014–2015 жылдары – үйлестіруші, «Оратор» зияткерлік дебат клубы қазақ лигасының президенті, 2014–2016 жылдары – «Журналист-саясаткер» бөлімінің хатшысы, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Нұр» филиалы төрағасының орынбасары, 2015 жылы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ұланбасы республикалық кеңесінің хатшысы болып сайланды. 2016–2017 жылдары – «Ел баласы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакторы, 2017 жылы «ЗЕРЕК» дербес орталығының негізін қалады.

22 жастағы ерекше дарын иесі балаларға 2011 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының тарихы мен дамуы, алғашқы жас ұландықтардың қатарына қабылданған оқушылардың бірі болғаны туралы баяндады. Б. Аманжолов «Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста!» идеяны басшылыққа алып лидерлік тақырыбына таныстырылымын ұсынды. Жас шешеннің жалынды сөзі балаларды Елбасы кітапханасынан алған білім-дағдыларымен алға қадамдауға, жаңа жеңістер мен ерліктерге жігерлендірді.

Семинар қатысушылары зор қошеметпен кездесуге келген мейманға алғыс білдірді.