Гейдар Әлиев Орталығының саябағында Балалар фестивалі өтті

1 маусым күні Гейдар Әлиев Орталығының саябағында кезекті Балалар фестивалі өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараны Білім министрлігінің қолдауымен Гейдар Әлиев Қоры ұйымдастырды.

Фестиваль аясында Орталық саябақта балалардың дүниетанымын кеңейтетін әртүрлі аймақ құрылып, түрлі жастық топтар үшін ойын-сауық және танымдық бағдарламалар ұсынылды.

Фестивальға Баку мен өңірлердегі балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысты.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4866/%D0%92-

 

Әзірбайжанның Бірінші вице-президенті, Гейдар Әлиев Қорының президенті Мехрибан Әлиева бакулік кент Бинадағы «Умид йери» балалар үйінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты

13 маусым күні Әзірбайжанның Бірінші вице-президенті, Гейдар Әлиев Қорының президенті Мехрибан Әлиева  Баку қаласы Хазар ауданы Бина кентіндегі «Умид йери» балалар үйі үшін салынған жаңа ғимараттың ашылуына қатысты.

«Умид йери» балалар үйінің ескі ғимараты заманауи талаптарға сай болмағандықтан жаңа ғимарат салынды.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4878/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0

 

VII мугам телевизиялық байқауы аяқталды

Мәдениет Қоры жобасының аясында Гейдар Әлиев Қорының,  AzTV ұйымдастырушылық қолдауымен және Мәдениет министрілігінің қатысуымен өткен VII мугам телевизиялық байқауы аяқталды.

15 маусым күні Гейдар Әлиев Орталығында байқаудың мәрелік кезеңі өтті.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4884/%D0%97%D0%B0%D0%B2%D0%B5%D1%80%D1

 

Италияда екінші Әзірбайжан кинофестивалі басталды

20 маусым күні Villa Borghese римдік саябақтағы Casa del Cinema тарихи кино үйінде екінші Әзірбайжан кинофестивалінің ашылуының ресми салтанаты өтті.

Гейдар Әлиев Қоры, Италиядағы Әзірбайжан елшілігі, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Рим қаласы мэриясы, Casa del Cinema, Zetema, RAI Cinema сынды құрылымдар ұйымдастырған фестивальдің медиа-серіктестері - Aska News, АЗЕРТАДЖ, AзТВ жаңалықтар агенттіктері және Azerbaijan News жаңалық порталы.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4892/%D0%92-%D0%98%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B8-

 

Соғыс қасіреті үзген балалық шақ

Балалар мен соғыс –бір-біріне қарама-қайшы түсініктер. Осы екі сөзді қатар қоюдан артық қасірет жоқ. Соғыс балалардың өмірін алады, олардың тағдырын қиып, жаралайды.

Әскери қақтығыстар туындаған кезде қоғамның ең әлсіз мүшелері – балалардың зардап шегетіні ащы шындық екені бәрімізге мәлім. Қазіргі уақытта бейбіт өмір кешіп жатқандардың неміс басқыншылары жасаған адамзатқа қарсы қылмыстарды ұмытуға моралдік құқығы жоқ. Жалғыз Еуропаның өзіндегі тұтқындар лагерлерінің аумағы жан түршігерлік: Дахау, Освенцим, Аушвиц-Биркенау, Маутхаузен, Дора-Миттельбау, Ясеновац, Талергоф, Бухенвальд, Заксенбург, Гюрс, Кампанья, Амерсфорт, Ривзаль…

https://www.preslib.org.by/news/type1/detstvo-kotorogo-ne-bylo

 

«Бірге оқимыз – бір бірімізді танимыз» көрмесі жалғасуда

«Бірге оқимыз – бір бірімізді танимыз» атты ТМД-ға мүше мемлекеттердің заманауи авторларының көркем әдебиет кітаптары көшпелі көрме жобасы Беларусь Республикасының ірі және шағын кітапханаларында жалғасуда.

Бұл жолы көрменің кезекті межесі ретінде Беларусь Ұлттық кітапханасы таңдалды. Аталған кітапхананың 3-қабатындағы айналмалы дәлізде 23 мамыр мен 20 маусым аралығында кітапханаға келушілер Одақтас мемлекеттердің көкейтесті ұлттық әдебиетінің озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік алды.

«Бірге оқимыз – бір бірімізді танимыз» көрмесі Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркменістан аумағында тұратын және жұмыс істейтін шығармашылығын жаңа бастаған авторлармен қатар аса танымал қылқалам шеберлерінің де елуден астам шығармалар топтамасын құрайды.

https://www.preslib.org.by/news/type1/chitaem-vmeste---poznaem-drug-druga-prodolzhaet-svoi-put

 

Ельцин Орталығындағы Халықаралық балаларды қорғау күні

Ельцин Орталығында 1, 2 маусым күндері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жаз сенбіден басталады» арнайы бағдарламасы өтті. Бүлдіршіндер және олардың ата-аналары мамандықтар фестивалін, квесттерді, экскурсияларды және Владимир Спиваков Халықаралық қайырымдылық қоры шәкіртақы алушыларының концертін тамашалады. Ал ең кішкентай балақайлар үшін «Балалар уақыты» алаңы ашылды.   

https://yeltsin.ru/news/mezhdunarodnyj-den-zashity-detej-v-elcin-centre

 

Анна Михалкова: «Мені әрқашан отбасым ширатады»

Өткен күзде киноклубта Авдотья Смирнованың «Бір тағайындаудың тарихы» фильмінің тұсаукесері өтті. Онда Анна Лев Толстойдың ортасындағы нигилис-мұғалімнің рөлін сомдайды. Режиссермен серіктестік Аннаға алғашқы үлкен рөлін ойнауына, көптеген марапаттарға себеп болды. «Байланыс» фильміндегі рөлі үшін актриса «Алтын қыран» сыйлығын иеленді.

https://yeltsin.ru/news/anna-mihalkova-s-radostyu-priedu-eshe-raz

 

"Чернобыль": қасірет себебі» кітабы Пушкин үйі сыйлығын иеленді

12 маусым күні Лондондық Чартерхауста қазылар алқасы тарихшы Сергей Плохийдың «Чернобыль: қасірет себебі» кітабына Пушкин үйінің орыс кітап сыйлығын (Pushkin House Book Prize 2019) берді.  Сыйлық 2013 жылдан тапсырылып келеді. Сыйлықты қолдаушы ұйымдар қатарында Б.Н.Ельцин Президенттік орталығы да бар.    

https://yeltsin.ru/news/sergej-plohij-s-knigoj-chernobyl-udostoen-premii-pushkinskogo-doma-london

 

Илья Доронченков: «Музейдегі серпілісті оң бағалаймын»

Ельцин Орталығында «Мүлде басқаша әңгіме» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері Мемлекеттік музейі директорының орынбасары Илья Доронченковпен кездесу өтті.

Қонақпен 23 мамырда өткен әңгімеде топтама жүргізушісі, «Российская газета» шолушысы Валерий Выжутович жақында ғана мәдени астаналарда өткен Серов, Куинджи, Репиннің көрмелері айналасында адам сенгісіз дүрлікпенің себебін сұрауға тырысты. Бейнелеу өнеріне деген жаппай ұмтылыс қайдан пайда болды, мұны қалыптасқан трендке жатқызуға бола ма немесе бұл құбылыс аз зерттелгендіктен қандай да бір қорытынды жасауға ерте ме? 

https://yeltsin.ru/news/ilya-doronchenkov-o-chem-govorit-muzejnyj-bum

 

Ельцин волейбол Кубогі - 2019 Екатеринбургте өтті

Екатеринбургте 18-20 маусым аралығында Спорттық ойын түрлері сарайында кезекті 17-ші әйелдер құрамалары арасында волейболдан Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Б.Ельциннің Кубогі өтті. Кубок биылғы жылы – бұрынғы Гран-при турнирін ауыстыратын Халықаралық волейбол федерациясы аясындағы жыл сайынғы жаңа турнир ретінде ұлттар Лигасының құрамына енді.

https://yeltsin.ru/news/volejbolnyj-kubok-elcina-2019-v-etot-raz-udacha-otvernulas-ot-nashej-sbornoj

 

Президенттік кітапхана – 1942 жылғы аты аңызға айналған футбол матчы туралы

Президенттік кітапхананың электрондық қорынан Ленинградтық құрсау мен батырлық қорғанысына байланысты бірегей материалдарды табуға болады. Олардың арасында – қоршауда қалған қалада өткен аты аңызға айналған футбол матчының жай-жапсары. 

1941 жылғы 22 маусымда Ленинградта көптеген спорттық іс-шаралар өтуі тиіс болатын: КСРО біріншілігінің екі футбол матчы, веложарыс, жеңіл атлетикалық және ескекпен есу жарыстары. Бірақ олардың бірде біреуі болмады...  

https://www.prlib.ru/news/1270279

 

Президенттік кітапхана – Жазғы бақтың тарихы туралы

2019 жылғы 14-16 маусым аралығында Санкт-Петербургте қаланың ескі бақтарының бірі - Жазғы бақтың 315-жылдығына арналған үлкен мерекелік фестиваль өтеді. Осы атаулы датаға байланысты Президенттік кітапхана мекеменің порталында орналасқан электрондық топтамамен танысуға шақырады. Жазғы бақтың тарихын баяндайтын топтама бай изоматериалдан тұрады: ашық хаттар, суреттер, фотосуреттер жинағы және оларды түсіндіретін мәтіндер.   

https://www.prlib.ru/news/1180961

 

Білдекті винтовкаға ауыстырамыз...»: Ұлы Отан соғысы қалай басталды

22 маусым. Еске алу мен қасірет күні барша ел Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды – майданда қаза тапқандарды, фашистік тұтқында қиналғандарды, аштықтан қайтқандарды еске алады... 78 жыл бұрын, әлемнің жаңа тарихындағы бетбұрысты және негізгі оқиға - халқымыздың 1941 жылғы 22 маусымда Ұлы Отан соғысының басталуын қарсы алғаны туралы Президенттік кітапхананың электрондық порталы жан-жақты әңгімелейді.

Соғыс тарихы туралы құжаттардың басым бөлігі кітапхананың порталында қолжетімді, олар «Ұлы Жеңіс туралы естелік» арнайы сандық топтамаға жиналған. Бұл топтама тұрақты түрде толықтырылады.

https://www.prlib.ru/news/1270933

 

Президенттік кітапхана Мәскеуде Ұлы Отан соғысына арналған көрмені ұсынады

24 маусым күні – 1945 жылғы 24 маусымдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс шеруіне орай «Зарядье» мәскеулік бақ медиаорталығында «Жеңіс жолдары. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74-жылдығына» электрондық тарихи-құжаттамалық көрме жұмыс жасайтын болады.

50-ден астам көркем рәсімделген слайдтар Ұлы Отан соғысының негізгі стратегиялық операциялары туралы айтып береді: Ленинград қорғанысы, Мәскеу үшін шайқас, Берлин операциясы және басқалары.

https://www.prlib.ru/news/1182388

 

JFK кітапханасы Moonshot қосымшасын іске қосады

JFK кітапханасының Moonshot қосымшасы адамның Айға бірінші сапарына арналған. Әзірлеме - мақсаттары Айға сапарлаған алғашқы адамдар болған астронавтар Нил Армстронг бен Базз Олдриннің 1969 жылғы 20 шілдедегі Аполлон-11-дің архивтік бейне, суреттер мен аудиожазбаларынан тұрады. Сондай-ақ, тегін қосымша президент Кеннедидің ғарыш бағдарламасын федеральдық қаржыландырудағы және Айға сапарды қолдауға жұртшылықты шабыттандырудағы рөлін айшықтайды.

Кітапхана қорының атқарушы директоры Стивен Ротштейн: «Біз президент Кеннедидің еңбегін адамдардың естеріне салғымыз келеді және осы мұраның жаңа ұрпақты шабыттандырғанын қалаймыз», - деді.

Қосымша Кеннедидің ғарыш туралы бірнеше сөйлеген сөздерінен және оның 1962 жылы Хьюстондағы Райс Университетіне баруы туралы жазбалардан тұрады.

 «Біз осы онжылдықта Айға сапарлау туралы шешім қабылдадық және басқа да істерді жеңіл болғандықтан емес, керісінше қиын болғандықтан орындаймыз деп шештік», - деді Кеннеди жиналғандарға.

Кітапхана бір жылдан астам уақыт JFK Moonshot қосымшасын құрумен айналысты, онда толықтырылған шынайылық технологиясы қолданған: қосымша смартфон камерасы түсірген суреттің үстінен компьтерлік бейнені көрсетеді. Қосымша қолжетімді, дегенмен кітапхана қызметкерлері миссияны жіберудің кезекті жылдық атаулы күнін асыға күтеді.

Қосымша пайдаланушылары Аполлон-11-дің Жерден Айға бескүндік сапарының диаграммасын көре алады, ал 16 - 20 шілде аралығында олар ғарышкерлердің жерүсті бақылаушыларымен болған радиобағдарламаларын тыңдап, осыдан жарты ғасыр бұрын астронавтардың не істегендерін біле алады.  

Ал 20 шілдеде музейге келушілер ғарыштық іс-шараларға қатысып, оның ішінде ғарыштық скафандр техникасы мен зымыран жасап шығару құрылысы бойынша тұсаукесерді көре алады. Сондай-ақ, сәрсенбі күні кітапханада президенттің қызы, бұрын АҚШ-тың Жапониядағы елшісі болған Кэролайн Кеннедидің қатысуымен ғылыми-техникалық бастамалар мен келешекте ғарышты игеру тақырыбына арналған симпозиум өтеді.

https://www.bostonglobe.com/metro/2019/06/16/jfk-library-launches-moonshot-app-inspire-next-generation/mWsbbxqY1onz4ufspRrkJM/story.html

 

Әйелдер қоғамды дамытуда

LBJ Президенттік кітапханасында қоғамдағы әйелдер қозғалысын зерделеуге арналған төрт күндік педагогикалық курс өтті. Педагогикалық курс барысында осы саладағы жетекші сарапшылар  АҚШ-тың қазіргі тарихындағы түрлі қозғалыстарға әйелдердің қатысуын зерделеді. Аталған тақырып әйелдерге дауыс беру құқығын берген 19-шы түзетудің қабылдануының 99-жылдығына орай талқыланды.

Форум барысында Дьюк Университетінің өкілі Сара Джейн Дойч баяндама жасады. Ол 1910-жылдардағы АҚШ-тың батысындағы әйелдер қызметін баяндады. Остиндегі Техас университетінен келген Мэдлин Й. Хсу азаматтық құқығы үшін қозғалыс, әйелдердің үлкен саяси интеграция алуға ұмтылыстары туралы хабарлама жасады. Бұдан басқа, ол америкалық жазушы әйелдердің үлестері туралы зерттеуін ұсынды. Остиндегі Техас университетінен келген Николь Гидотти-Эрнандес феминизм тарихына байланысты құжаттардың, фотосуреттердің және түпдеректердің тұсаукесерін ұсынды. Вандербильт университетінің өкілі Холли МакКэммоннің баяндамасында АҚШ соттарындағы сот қарауларында әйелдер құқығын нығайту мен гендерлік теңдік саласындағы мәселелердегі әйелдер қозғалысын қорғаушылардың күш-жігеріне шолу жасады.     

http://www.lbjlibrary.org/events/why-women-organize

 

Трумэннің кітапханасы мен музейі бір жылға жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Гарри Эс Трумэннің кітапханасы мен музейі жөндеу жұмыстарына байланысты 2020 жылдың жазы не күзіне дейін жабылады. Кітапхана директоры Курт Грэмнің айтуынша жөндеуден кейін музей ғимаратының залдары кеңейеді.

«Адамдар бұрынғыдан да көп келіп, осы мұрадан, қайдан келгені белгісіз жас жігіттің адам сенгісіз тарихы туралы ләззат алатын болады: Миссуриден келген фермер әлемдегі ең ықпалды адамға айналды. Мұндай жағдай ешқашан қайталанбас. Біз енді басқа Гарри Трумэнді көре алмаймыз», - деді Грэм.

Қаражаттың басым бөлігі ғимаратты кеңейтуге және басқа да жөндеу жұмыстарына жұмсалады: жаңа кіреберіс пен фойе, кеңейтілген көрме галереялары. Жөндеуден кейін сұнда тұрақты және уақытша көрмелер, оның ішінде Франциядағы Бірінші дүние жүзілік соғыстағы президент Трумэннің әскери қызметі туралы көрме үшін бос орындар пайда болады. 

Келесі жылы 1945 жылы президент Франклин Д. Рузвельттің қазасынан кейін лауазымға кіріскеніне 75 жыл толады.

«Оның кітапханасы мен музейін қайта құру – біздің заманауи демократиялық институттарымыздың көрнекі сәулетшісіне көрсетілген құрметтің лайықты түрі», - деді Трумэннің үлкен немересі және Трумэн атындағы кітапхана Институтының құрметті төрағасы Клифтон Трумэн Даниэль.  

Музейге жыл сайын 92 мыңға жуық адам келеді. Кітапхананың білім беру бағдарламаларына 50 мыңға жуық адам қатысуда. Трумэн кітапханасының архивтік және зерттеу залдары жөндеу жұмыстарының барлық кезеңінде ашық болатындығы айтылды.  

https://www.kbia.org/post/truman-library-and-museum-closing-yearlong-25-million-expansion-and-renovation#stream/0

 

Көпті көрген сарбаздың естеліктері

А.ж. 1 маусым күні Эйзенхауэр қорында «Екінші дүние жүзілік соғыс туралы патриоттың естеліктері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Оның авторы - Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері Луи Грациано.

Іс-шара барысында Луи Грациано майдан туралы естеліктерімен бөлісті. Ол тыңдаушыларға жас сарбаз ретінде соғыс күндерінің үрейін қалай жеңгені туралы айтып берді. «Екінші дүние жүзілік соғыс туралы патриоттың естеліктері» - өмір, жоғалту, махаббат туралы кітап.

https://eisenhowerfoundation.net/Calendar.aspx?EID=294&month=6&year=2019&day=9&calType=0