ӘЛІПБИДІҢ БАС ӘРПІ - АСТАНА

2018 жылғы 17 қазанда елордадағы №35 «Ертегі»  балабақшасының тәрбиеленушілері үшін ««А» әрпі. Кішкентайларға арналған әліпби бойынша нұсқаулық» атты көшпелі музей сабағы өткізілді. Елбасы кітапханасының «Музей және балалар» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Астанамыздың 20 жылдығына арналды.

Кішкентай қатысушылар «А» әрпінен басталатын еліміздің бас қаласы туралы білімдерін кеңейтті, елорданы көшірудегі және оны одан әрі дамытудағы Мемлекет басшысының қажырлы еңбегімен танысты. Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру жобалары Қызметінің ғылыми қызметкері Саягүл Жақыпова балаларға «Бәйтерек» туралы қызықты аңыздар айтып, Самұрық құсы мен қасиетті бәйтерек туралы әңгімелеп берді.

Музей сабағы барысында ойын элементтері, топтық жұмыстың әр түрлі формалары қолданылды. Балалар үлкен қызығушылықпен пазлдардан суреттер жинап, үзіліс кезінде дене шынықтыру арқылы сезіну ойындарына қатысып, сөзжұмбақ  сұрақтарына жауап берді. Қызықты  және танымдық сабақ балаларға Қазақстанның картасымен және елдің негізгі саяси рәміздерімен алғаш рет танысуға мүмкіндік берді.

Балабақша тәрбиешілері сабақтың инновациялық жұмыс әдістерін қолдану арқылы дұрыс ұйымдастырылғанын, материалдың соны және мазмұнды, сабақты жүргізу стилінің жарқын әрі эмоциялық болғанын атап өтті.

Кішкентай Кристина Мурыгина сабақтан алған әсерлерін қуана жеткізді:

– Маған барлығы қызықты әрі көңілді болды. Біздер пазл жинап, жұмбақ жасырдық, сөзжұмбақ ойындарын ойнадық. Маған Астананың фотосуреттері қатты ұнады.

Балабақшаға іс-шарадан естелік ретінде Елбасы кітапханасының атынан Қазақстанның астанасы туралы кітаптар тарту етілді.