МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ТЫҢ БІЛІМ

“Қазақстан тарихы, оның символдары, мақсаты мен стратегиясы туралы ақпаратты дәл осындай қызықты тәсілде беруді бірінші рет көрдім. Екі күн ішінде туған жеріміз туралы білімімді кеңейтіп қана қоймай, жақсы әсер алып, жаңаша ойлауды үйрендім. Басқа балалар да менімен келіседі деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға мың да бір рахмет!”.

“Вебинардың жоғары деңгейде өткенін атап өткенім жөн.  Жаңа және пайдалы ақпарат алып қана қоймай, керекті техникаларды да меңгердік. Дәріскерлер мен тренерлерге ерекше алғыс айтқым келеді, олардың педагогикалық таланты, қызықтырып қана қоймай, білімді өте жеңіл түсіндіре алулары алғысқа лайық”.

Бұл “Болашаққа жол әрқайсымыздан басталады” атты вебинар соңындағы оқушылар Жайна Есімова мен Ақмарал Жамбылдың лебізі. 

Елбасы Кітапханасының онлайн-семинарлары Қазақстанның бар аймағындағы жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арнап өткізіледі. Екі күндік оқу бағдарламасы Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Президент Қ.Ж.Тоқаевтың бағдарламалық мақалалары мен жолдаулары негізінде жасалады. Елбасы Кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері авторлық дәрістер оқып, тыңдаушыларды алған білімін тәжірибеге жаратып, лидерлік қасиеттерін дамытуға үстейді. Сондай-ақ қатысушылар әлеуметтік, экологиялық және туристік жобалар құрып, танытымын жасайды. 

21-22 қазанда вебинарға Қарағанды және Павлодар облысының оқушылары қатысты.