«Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылғы 29 мамыр күні, 11:00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысы әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе «Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ғаламдық бастамалары;
  • Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер;
  • Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары;
  • «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі;
  • Қазақстанның бітімгершілік миссиясы.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тұрақтылық пен бейбітшілікті, халықаралық қатынастарды трансформациялау мәнмәтінінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін нығайтудағы бастамаларының рөлі мен маңыздылығын талқылауға сарапшылық қауымдастық пен жас ғалымдарды тарту мақсатында өткізіледі.

Конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскер және ғылыми элита, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік университеттердің өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа елдердің сарапшылары қатысады.

сілтеме : Youtube.com