2018 жылғы 21–22 қыркүйекте Назарбаев орталығында Халықаралық Бейбітшілік күніне арналған «Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының І Халықаралық Моделі» атты халықаралық конференция өтті. Халықаралық конференция өз жұмысын 21 қыркүйекте «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: 25 жылдық әріптестік және табысты ынтымақтастық – жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық және орнықты даму мақсатындағы Қазақстан Республикасының бейбіт бастамалары» тақырыбына арналған сессиямен бастады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов алыс және жақын шетелдік өкілдердің қатысуымен өткен бүгінгі форумның Астананың «бейбітшілік қаласы» екендігін тағы да растайтындығын айтты:

– Өткенге оралсақ, аталған конференция 2017 жылы Елбасы кітапханасының негізінде «ЭКСПО еріктілері» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған «Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі» жобасының аясында өтуде. Жоба біздің тұрақты серіктесіміз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры тарапынан қолдау тапты. Назарбаев орталығында жаһандық өзекті мәселелер бойынша былтырғы жылы төрт, биыл екі БҰҰ моделінің конференциялары өткізілді. Оған елордамыз және басқа да өңірлерден 300-ден аса студент қатысты. Аталған қозғалыс Қазақстан Президентінің жастарды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу және дамыту, еліміздің жастар қоғамдастығын халықаралық желіге тарту туралы идеяларының логикалық жалғасы болып табылады.

– Ғаламшардың ядролық өзін жою қатерлерін толық жоюды мақсат еткен Қазақстанның тәжірибесі әлем тарихындағы бірден-бір әрі озық тәжірибе. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1991 жылы Семей полигонын жауып және елімізді ядролық қарудан азат етіп, ерекше көшбасшылық танытты. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялауға жетеледі, – деді Әмірхан Мұратбекұлы өзінің алғы сөзінде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов конференция барысында талқылануға ұсынылған мәселелердің маңыздылығы мен ауқымы кеңдігін атап өтті:

– Ядролық қауіпсіздік, балалардың еңбегін пайдалану, әйел құқығын қорғау, киберқауіпсіздік және т.б. – өз шешімін талап ететін көкейтесті сұрақтар. Қазақстан әрқашан бейбітшілікті тарату мен жасампаздық саясатқа негізделген халықаралық қатынасты орнатты. Біздің еліміз өз моделімен әскери шиеленіске жол бермейтін жаһандық әлемді құруға шынайы берілгендігін көрсетті. Бүгінгі күні республикамыз ұлтаралық бейбітшілік пен келісім орнаған мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықта танылған.

– 1992 жылдың 2 наурызында еліміздің БҰҰ-на мүше мемлекеттер қатарына енуі - әлемдік қауымдастық тәуелсіздігімізді мойындаған Қазақстан тарихының маңызды межесі болды. Қазақстан тарихи өлшем бойынша қысқа кезеңде БҰҰ-ның қағидалары мен құндылықтарын дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға тек қана еуразиялық кеңістікте емес жаһандық көлемде де елеулі үлес қосты. БҰҰ елімізде алғашқы уақыттан бастап белсенділік танытты, оның жетекші агенттіктері Қазақстанның дамуына пәрменді ынтымақтастық, сараптамалық және техникалық қолдау көрсетті. Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара ынтымақтастығы жаһандық және аймақтық деңгеймен шектелмей, елдік деңгейде де өте қарқынды дамуда. 2005 жылдан бері біздің ынтымақтастығымыз БҰҰ-ның елдік бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық аумағында ондаған жобалардың сәтті іске асырылуына мүмкіндік берді. Қазақстан тәуелсіздік жылдары өңірлік және жаһандық ауқымдағы түрлі мәселелер мен сұрақтарды шешуде зор тәжірибе жинақтады, – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Орталық Азия бойынша үйлестіруші, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан республикаларындағы халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының басшысы Деян Кесерович конференция қатысушыларының назарына секциядағы белсенді жұмыс әрбір елдің көзқарасы бойынша басымдықтар мен жетістікке жету жолдарының терең білімін пайымдайтынына назар аударды:

– Идеялар жас буын өкілдерінен бастау алуы тиіс. Сіздер Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және басқа да елдердің болашағысыздар. Бізге ұлттардың және БҰҰ-ның стратегияларын жетілдіру жолдарын қарау қажет. Біз әрбір қатысушыны тыңдауға, естуге дайынбыз. Бізді бірлесе жетелейтін ортақ мақсаттарымыз өте көп. Әрбір елдің жас кәсіби мамандары мен қоғамдық қозғалыстарының арасында тығыз байланыс орнағанын қалаймыз.

Шараға қатысушыларға БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі уәкілі Джаятма Викраманаякенің бейне жолдауы ұсынылды. Ол конференцияның әрбір қатысушысының болашақта әлемді өзгертетін азамат болатынына сенімді екендігін және БҰҰ-ның моделі – болашақ дипломаттарға тамаша алаң, әрбір қатысушыға баға жетпес тәжірибе, – деп атап өтті спикер.

Орталық Азияның БҰҰ моделі – бұл БҰҰ аясында жаһандық идеяларды талқылау тәртібінде өтетін студенттер мен жоғары сынып оқушыларының БҰҰ органдарының жұмыстарын көрсететін халықаралық сұхбат алаңы.

Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының І Халықаралық Моделі Қазақстанның, сонымен қатар алыс және жақын шет ел белсенді жастарының арасында әлемдік қауымдастықтың жаһандық сын-тегеуріндерін шешуге оларды жұмылдыру мақсатында өткізіледі. Конференция жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Үндістан, Германия, Бангладеш, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан, Сербия, Өзбекстаннан 200-ден астам делегаттар мен бақылаушылар қатысты.

 

Қатысушылар екі күндік талқылаудың қорытындысы бойынша қарарды келісіп, қабылдады. Конференция барысында қабылданған қарарлар БҰҰ-ның Салалық агенттігіне қарауға жіберілетін болады.

Жоба Бас серіктестер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті, Қазақстандағы БҰҰ-ның Дамыту Бағдарламаларының Кеңсесі және еліміздің бірқатар жетекші оқу орындары жобаның серіктестері болып табылады.